2023 жылғы 24 шілдеде ҚазАгроҚаржы «Қазақстанда Жасалған» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды

Ағымдағы жылы «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын жүзеге асыруға 15 млрд теңге бөлінді. KazAgroFinance bot (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) өтінім бергеннен кейін клиент 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асырады. Клиенттердің бұрын берілген өтінімдер бойынша құжаттарды ұсынбауына, сондай- ақ өтінім беру кезінде дұрыс емес деректердеі енгізуіне байланысты бөлінген лимит щеңберінде 7 млрд теңге мөлшерінде қаражаттың бос қалдығы қалыптасты. Осыған байланысты, 2023 жылдың 24 шілдесінен бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің/құрастырудың ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды мынадай шарттармен қайта бастайды:
лизинг нысанасы: отандық өндірістің/құрастырудың аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасы;
мөлшерлеме - жылдық 6% ;
лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
аванс - лизинг нысанасы құнының 15% - от бастап;
қамтамасыз ету - қажет емес;
қаржыландыру лимиті -120 млн теңгеден аспайды және лизинг затының 2 бірлігінен аспайды.
Клиент Telegram – bot -қа өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ҚазАгроҚаржы филиалына құжаттардың толық пакетін (Құжаттар тізбесі мен нысандарын) ұсынуы қажет https://drive.google.com/drive/folders/1YCMgmhMomkXb-ZSRc88vZGeh0pY6qobx).
Сондай-ақ мал басының азық базасына қажеттілігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға және «ЖАСЫЛ ӨНІМ» бағдарламасына бағытталған "ӨЗ ЖЕМ ШӨБІН", әлеуметтік- маңызы бар азық-түлік өнімдерін (көкөністер, жемістер, жидектер, қант қызылшасы) өндірушілерді жеңілдетілген қаржыландыруға бағытталған бағдарламасы бойынша жылдық 6%-бен қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
Артқа