«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2026 жылы ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 310 млрд теңге бағыттайды
«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ, 2026 жылға арналған сапа саласындағы стратегиялық мақсаттарын бекітті. Агротехника паркін ауқымды жаңарту, өтінімдерді толық автоматтандыру және жоғары табыстылықты сақтау компанияның басым бағыттарына айналмақ, хабарлайды «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның 2026 жылға арналған негізгі жұмыс көрсеткіштері келесі деңгейлерде белгіленеді:
- Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жалпы көлемі кемінде 310 млрд теңгені құрайды.
- Фермерлерге кемінде 12 950 заманауи ауыл шаруашылығы және арнайы техника беру жоспарланған.
- Жылдың басты технологиялық мақсаттарының бірі - өтінімдерді қарауды автоматтандырылған жүйеге көшіру.
Сапа саласындағы жаңа саясат компанияның Қазақстандағы АӨК-ін (агроөнеркәсіптік кешен) техникалық жаңғыртудағы негізгі серіктес ретіндегі миссиясын айқындайды. Сондай-ақ, 2026 жылға арналған стратегия: негізгі процесстерге орнықты даму принциптерін енгізу (ESG), тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, тұтынушылық сұранысқа бағдарлану және өнім берушілермен коммуникацияны дамытуды қамтиды.