2026 жылы егіс алқаптарын әртараптандыру міндеттері үшін техника паркін жаңарту

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен жаңа маусымдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөніндегі кеңес өтті. Талқылауға «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев қатысты.

2026 жылы даму векторының негізі ретінде майлы дақылдар, қант қызылшасы және жүгері секілді жоғары маржиналды және жемшөп дақылдарын егуге арналған алқаптарды ұлғайту қала бермек. Бұл стратегияны жүзеге асыру шаруалардың техникалық жабдықталуымен тығыз байланысты.  

«ҚазАгроҚаржы» лизингтік бағдарламалардың негізгі операторы ретінде, дақылдар өсіруге қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін қаржылық қолдауды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жұмыс шеңберінде ҚАҚ мына бағыттарға назар аударады:

  • Арнайы техникамен қамтамасыз ету:

Жоғары рентабельді дақылдар өсіруге бейімделген қазіргі заманғы егіс кешендерін, суару жүйелерін және егін жинау агрегаттарын лизингке беру.

  • Құралдардың қолжетімділігі:

Шаруаларға жүктемені азайту үшін жеңілдетілген лизинг тетіктерін пайдалану.

Техниканы уақытында дайындау және қолжетімді қаржыландырудың болуы - көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізудің ең маңызды факторлары.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру