ҚазАгроҚаржы астық кептірудің замануи технологияларын сатып алуды қаржыландырады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ (ҚАҚ) қазақстандық шаруалар үшін «Агролизинг» бағдарламасы шеңберінде заманауи мобильді астық кептіргіштерді жылдық 12,6%-бен сатып алуды қаржыландыру жүріп жатқанын жариялайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.  

«Агролизинг» бағдарламасы бойынша орнатуы және пайдалануы күрделі жөндеуді қажет етпейтін астық кептіргіштер, яғни жермен тығыз байланысты және оларды орнынан мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін емес жабдық қаржыландырылады. Бұл шаруаларға техниканы күрделі құрастыру мен жөндеу жұмыстарын жүргізбей-ақ, жедел пайдалануға мүмкіндік береді. 

Мобильді астық кептіргіштер - шағын және орта шаруашылықтары үшін тиімді технологиялық шешім. Мұндай техника дәнді дақылдарды тиімді кептіруді қамтамасыз етіп, өнімнің шығынын азайтуға және сапасын сақтауға ықпал етеді. Пайдалануға оңай әрі алдын ала іске қосу-баптау дайындығы мен жөндеу жұмыстарын қажет етпейтіндіктен, өте ыңғайлы құрал болып табылады.

«Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі аса өткір мәселелер қатарында тұрған шақта, шаруаларды қолжетімді әрі заманауи технологиялармен қамтамасыз ету біздің негізгі міндетіміз деп білемін. Мобильді астық кептіргіштер - бұл ауа-райынан тәуелсіз, жоғары сапалы астық алуға ниетті шаруалар үшін нағыз таптырмас олжа», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Шаруаларды астық кептіру қуаттарын жаңарту бөлігінде қолдау даму институттарының бірыңғай экожүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ бас компаниясы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ астықты сақтау және жинаудан кейін өңдеу объектілерін салу мен сатып алуды қоса алғанда, АӨК инфрақұрылымын дамыту жобаларын қаржыландыруға бағытталған инвестициялық құралдарды дамытады.

Мобильді астық кептіргіштер сатып алуды қаржыландыратын «Агролизинг» бағдарламасы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ әзірлеген, аграрлық секторды қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бұл фермерлерге заманауи техника мен жабдыққа қомақты қаражат салмай-ақ,  қаржылық жүктемені ұзақ мерзімге бөле отырып қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама шарттары лизинг нысанасы құнының 15%-нан басталатын аванстық төлемі бар және төлемдер 7 жылға дейінгі мерзімге бөлінетін лизингті көздейді. Ұсынылып отырған лизинг шарттары шаруалардың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған және агроөнеркәсіптік кешенді кезең-кезеңімен жаңғыртуға бағытталған.

Мобильді астық кептіргіштерді лизингке сатып алуға өтінімдер «ҚазАгроҚаржы» АҚ өңірлік филиалдарында қабылданады. «Агролизинг» бағдарламасы туралы толық ақпарат компанияның www.kaf.kz ресми сайтында орналастырылған.

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру