Техникадан қайта өңдеуге дейін: Ұлытау облысында агросектор қалай дамып жатыр
Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин фермерлер және мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Іс-шараға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Байганиров және «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев қатысты.
Облыс құрылғаннан бері жалпы құны 3 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кластер мен 500 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде. Саланы дамыту мемлекеттік қолдау шараларын іске асырумен қатар жүруде. 2026 жылы мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданып, жайылым инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Жайлау» жаңа кредиттік өнімі іске қосылды.
Кездесу барысында техникалық жарақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ лизинг арқылы алынған техникаға қызмет көрсететін сервистік орталықтарды дамыту қажеттілігі айтылды.
Вице-премьер «ҚазАгроҚаржы » АҚ компания өкілдерінің жұмысын жергілікті жерде ұйымдастыруды, ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық автоөндірушілер қауымдастығымен бірлесіп, сервистік орталықтардың ашылуын пысықтауды және Жезқазғанда сұранысқа ие ауыл шаруашылығы техникасының болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Жұмыс сапары барысында
Жұмыс сапары шеңберінде Серік Жұманғарин «Kengir Agro» агроөнеркәсіптік кешенінің құрылысымен танысты. Кәсіпорын мал шаруашылығы және мал азығын өндіруге маманданған.
Сондай-ақ вице-премьер «Samadi A Group» ЖШС-ның жалпы сыйымдылығы 15 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы бар өңірдегі алғашқы көтерме-тарату орталығының құрылыс алаңында болды. Нысан биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ кәсіпорын «Бәйтерек» холдингі және Аграрлық несие корпорациямен бірлесіп, өңірде ет өңдеу және шұжық, консерві өнімін шығару жобасын әзірлемек.