KazAgroFinance inventoried over 19 thousand units of agricultural machinery using AI
Ауыл шаруашылық техникасының лизингі нарығында көшбасшы, «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылық техникасын түгендеу процесін жасанды интеллект технологиясын пайдалану арқылы айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған жаңа жобаның алғашқы нәтижелерімен таныстырды.
Назарбаев университетінде өткен AWS Cloud Day for Public Sector Astana іс-шарасында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марс Алиш бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылық техникасының 19 мыңнан астам бірлігі лизинг нысанасын онлайн-мониторингтау жүйесіне енгізілген жасанды интеллектінің көмегімен түгендеуден өткенін хабарлады. Жоба 2024 жылдың көктемінде Amazon Web Services-тің ресми серіктесі болып табылатын QCloudy-мен бірлесе әзірленген болатын.
Веб-порталды және AppStore мен PlayMarket платформаларында қолжетімді мобильді қосымшаны қамтитын автоматтандырылған жүйе арқылы компания клиенттермен өзара жұмысын айтарлықтай жетілдірді. АІ енгізудегі негізгі аспектілердің бірі ретінде бұған дейін ұзақ уақыт пен адам ресурстарын талап еткен лизинг нысаналарын түгендеу болып табылады.
Мұндай түгендеу жұмыстары жылына екі рет өткізіліп, үлкен шығын мен қателіктер қаупін туындататын. Енді, Amazon шешімдерін пайдалану арқылы лизинг нысаналарын танып-білу процесі айтарлықтай жеделдетілді: бір объектіні бес фотосурет бойынша сәйкестендіруге небәрі 20 секунд кетеді. Түгендеу мерзімі үш айдан екі аптаға дейін қысқарды, бұл бизнес-процесстерді оңтайландыруға жасалған жақсы қадам.
«түгендеуді жасанды интеллектіні пайдалану арқылы автоматтандыру тиімділікті арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және ресурстарды оңтайландыруға әкелері сөзсіз. Бұл тәжірибе біздің операцияларда инновациялардың маңыздылығын көрсетіп, келешекте дамудың жаңа перспективаларын ашады» деп атап өтті Марс Алиш өз сөзінде.
Клиенттер енді өз нысаналарының фотосуреттерін жүктеп, егер сыртқы ақаулар болған жағдайда, олар туралы ақпарат ала алады. Бұл компанияның активтерді пайдалану мен сақтау шарттарын орындау мәселелері бойынша клиенттермен өзара тиімдірек жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Amazon-ның тиімді шешімдерін жұмыс сәттерінде қолдануды әрі қарай жалғастырмақ ниетте.
Артқа