Көшкімбаев Нияз «ҚазАгроҚаржы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

2025 жылғы 29 мамырдағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Нияз Көшкімбаев директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ол «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарады.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 16 мамырдағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Нұрболат Айдапкеловтың «ҚазАгроҚаржы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қоғамның директорлар кеңесінің құрамына «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы бағдарламалары департаментінің директоры Руслан Төлегенов сайланды.
Жүргізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ директорлар кеңесінің өзекті құрамы келесідей:
Көшкімбаев Нияз Жеңісұлы – директорлар кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры
Тюлегенов Руслан Кайбуллович – директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы бағдарламалары департаментінің директоры
Сапулатов Қайрат Қаертарұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Томас Доренвендт – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Абдусаламов Рустам Абдусаламович – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Прашев Айдар Гилимұлы – директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Нұрболат Айдапкеловқа компания жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді және кәсіби қызметінде алдағы табыстар тілейді.
Артқа