Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Call-центр:
(қалалық және ұялы) - 24/7
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» АҚ дәстүрлі «Jańa Dala / Green Day ‘2025» Дала күніне қатысады

2025 жылдың 17–18 шілдесінде Астанадан 20 шақырым жерде орналасқан «Ақтық» АҚ демонстрациялық алқаптарында (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы, Талапкер елді мекенінен кейін) еліміздің ең ірі аграрлық форумы — дәстүрлі Дала күні «Jańa Dala / Green Day ‘2025» өтеді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ осы саладағы маңызды оқиғаға белсене қатысып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мен заманауи шешімдерді енгізуге қолдау көрсетуді жалғастырады. 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл көрме республикадағы ең ірі демонстрациялық алаң болып саналады және ауыл шаруашылығының барлық өзекті салаларын қамтиды.

Биылғы көрмеге 200-ден астам компания қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені мен агробизнес саласының 5 мыңнан астам кәсіби мамандары бас қосады. Қатысушылар «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Егіншілік», «Мал шаруашылығы», «Тиімді гектар» бөлімдерінде Қазақстан мен әлемдегі ауыл шаруашылығының соңғы жетістіктері мен озық тәжірибелерімен танысады.

Көрме аясында 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы мен кең ауқымды жоғары технологиялық жабдықтың таныстырылымы мен жұмыс режиміндегі көрсетілімі жоспарланған.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ өз клиенттеріне тиімді лизингтік бағдарламалар ұсына отырып, отандық аграршыларға заманауи техниканы қолжетімді етуге әрдайым қолдау көрсетеді. Дала күнінде біздің мамандарымыз қонақтарға компанияның жаңа өнімдері мен ұсыныстарын таныстырып, шаруашылықтарды дамытуға қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.

Барлық қатысушылар мен қонақтарды біздің стендке келіп, кәсіби кеңес алуға және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға шақырамыз. «Jańa Dala / Green Day ‘2025» форумының ауыл шаруашылығын дамытуға тың серпін беріп, әріптестікті нығайтуға жол ашарына сенімдіміз.

Артқа
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру