«ҚазАгроҚаржы» 2025 жылы фермерлерді 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 200 млрд теңгеге қаржыландырады

24 ақпаннан бастап «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша 5% мөлшерлемемен 200 млрд теңге сомасына өтінімдер қабылдауды бастайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша қаржыландыру шарттары 2025 жылы өзгеріссіз қалады - мөлшерлеме жылдық 5%, мерзімі – 7 жылдан аспайды, бірінші лизингтік төлем – кемінде 10%.
«Бұл бастама фермерлерді қолдауға және елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. «Қолжетімді қаржыландыру - бұл ауыл секторының өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы. Біздің лизинг бағдарламасы аграрлықтардың техниканы тиімді жаңартуына мүмкіндік береді, нәтижесінде жалпы өндіріс деңгейі айтарлықтай өспек», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең ауқымын қамтиды.
Өтінімдер қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-де, https://t.me/kaz_agro_finance_bot сілтемесі бойынша Telegram-ботта басталады. Клиент өтінім берген соң 5 жұмыс күні ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.
Бағдарлама жөнінде толық ақпаратты «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның www.kaf.kz ресми сайтынан біле аласыздар.
Артқа