Қазақстандағы «Егіс науқаны-2025»: техниканы рекордтық жаңарту

Қазақстанда егіс науқаны аяқталды. Әр маусымның өзіне тән ерекшелігі болады. 2025 жыл да ерекшелігімен тәнті етуде: науқан басталарға дейін-ақ жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері жұмысын бастап кетті. Шаруалар қажетті ресурстарды сатып алып, дала жұмыстарына алдын-ала дайын болды. Егіс науқаны қалай өтті және неліктен бұл маусым жүйелік өзгерістердің көрсеткіші болды - осы туралы біздің материалда оқыңыз.
Табыстың негізгі факторы - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетігінің өзгеруі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2024 жылғы желтоқсан айынан бастап шаруаларға жеңілдетілген кредиттер бере бастады, нәтижесінде шаруалар қажетті ресурстарды алдын ала сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы басты назарда болды, оған 2024 жылы 120 млрд теңге бөлінді. Бұл бағдарлама шаруаларға отандық өндіріс техникасын 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік берді. 2024 жылы 3870 АШТӨ 4320 техника сатып алды.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы паркінде 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 5,6 мың егіс кешені және басқа да техника бар. Паркті 2024 жылы жаңарту деңгейі 5,5% құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен (4,5%) айтарлықтай жоғары. 2028 жылға қарай бұл көрсеткішті 9%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы аясында 2025 жылға 250 млрд теңге бөлінді, бұл шаруаларға 6000-ға жуық техника сатып алуға мүмкіндік береді. «ҚазАгроҚаржы»-да өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері 129 млрд теңгеден астам сомаға 3500-ден аса өтінім келіп түсті және 85,7 млрд теңгеге 4580 бірлік техниканы жеткізуге 2400 шарт жасалды.
Егіс науқанында астық танабын 70%-на дейін қамтитын 5,6 мың заманауи егіс кешені белсенді пайдаланылды. Бұл кешендер GPS, автопилоттар, тұқымдарды дәлдеп себу, тыңайтқыштар мен гербицидтер жүйелері секілді дәлдік егіншілік жүйелерімен жабдықталған.
Қаржыландырудың жаңа тетіктері, жеңілдетілген лизинг және заманауи технологияларды енгізу - 2025 жылғы егіс науқанын сәтті аяқтау кепілі.
Артқа