Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Call-центр:
(қалалық және ұялы) - 24/7
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай филиалына 25 жыл толды.

Қостанай облысындағы филиал – «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрылымындағы алғашқы бөлімшелердің бірі. 25 жыл ішінде өңірге 243 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды, 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді. Бұл туралы «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев филиалдың 25 жылдығына арналған Қостанай өңірінің аграршыларымен кездесуде айтты.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Абенов, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Нияз Қошқымбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ департамент директоры Нұрлан Дәутов қатысты.

Кездесуде құттықтау сөз сөйлеген «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Нияз Қошқымбаев агроөнеркәсіптік кешенді қолдау – «Бәйтерек» холдингінің басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» арқылы бағытталған қаржыландыру көлемі бұрын-соңды болмаған – шамамен 700 миллиард теңге болды. Оның 200 миллиарды ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға бағытталған. Бұл – агробизнестің өсіп жатқан қажеттіліктері мен мемлекет қойған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіне жүйелі жауап», – деді ол.

АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қаржы институттарын қаржыландыру және клиенттік тәжірибе департаментінің директоры Нұрлан Дәутов айтып берді. Ол көктемгі егіс және күзгі орақ науқандарында аграршыларды қолдауға бағытталған «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламаларының негізгі талаптары мен шарттарын таныстырды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев компанияның 5% жылдық мөлшерлемемен «Жеңілдетілген лизинг», «Қазақстанда жасалған», «Өз азығы» және басқа да қолжетімді бағдарламаларды іске асырып жатқанын айтып өтті. Бұл бағдарламалар аграршыларға техника паркін жаңартуға мүмкіндік береді.

«Қостанай филиалы ссудалық портфель көлемі бойынша еліміздегі барлық өңірлер арасында бірінші орында – 81,4 миллиард теңге. Бұл өңір фермерлерінің белсенділігі мен сенімінің жоғары екенін көрсетеді. Мұнда 1201 ауыл шаруашылығы өндірушісі, негізінен шағын және орта бизнес субъектілері қызмет алады. 25 жыл ішінде 225 миллиард теңгеге жуық сомаға 10 000-ға жуық техника жеткізілді», – деді ол.

Кездесуде аграршылар спикерлерге сұрақтар қойып, даму институттарының өкілдері ауыл шаруашылығы саласының нақты мәселелері бойынша кері байланыс алды.

Артқа
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру