Call-center:
(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Бүгін «ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығы техникасын 5% лизингке алу бағдарламасын іске қосады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды. Бағдарлама аясында фермерлер қажетті отандық жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Бұл бастаманы жүзеге асыруға мемлекет 100 млрд теңгені қаржыландырып отыр.

Жеңілдетілген бағдарлама бойынша өтініштер бүгін, яғни 17 маусым күні  сағат 14:00-ден бастап қабылданады.

Өтініштерді қабылдау үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Telegram bot-та «@KazAgroFinance.bot» (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) арнайы электрондық кезек құрылады.

Тұтынушыға өтініш тапсырған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Telegram bot-та «ҚазАгроҚаржы» АҚ –ның филиалдарына толық құжаттар пакетін ұсынуы қажет. Филиалдардың байланыс деректері компанияның www.kaf.kz  көрсетілген.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған.

Жылдық мөлшері - 5%;

Лизинг мерзімі – 7 жылдан аспайды;

Сыйақы мөлшері – жылдық 5 (бес) %;

Бірінші лизингтік төлем – лизинг затын алғаннан кейін, мерзімі 2024 жылдың 1 желтоқсанынан кешікпей төлеу мүмкіндігімен 10% кем емес.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты. Компания 24 жылдан астам уақыттан бері еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамыту аясында қызмет етіп келеді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру