Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«Ақ алтынның» жинау науқаны Түркістан облысында басталды

Қыркүйек айында Түркістан облысында «ақ алтын» – мақтаның жинау науқаны басталды. Түркістан облысы Қазақстандағы мақта егетін жалғыз аймақ. Отандық шикізат Латвия, Молдова, Ресей, Беларус жəне Түркия елдеріне экспортталады.

Отандық мақта өндірушілердің жарқын мысалдарының бірі – «Рамазан Агро» ЖШС. Кəсіпорын 2009 жылы құрылды, оның иелігінде ауданы 723 гектардан асатын алқаптар жəне алынған шикізаттың құнын дайын өнім түрінде бірнеше есе арттыруға жəне көктемгі егіс жұмыстарынан бастап шитті мақтаны өңдеу аяқталғанға дейін жыл бойы үздіксіз өндірістік процесті қолдауға мүмкіндік беретін жеке мақта өңдеу зауыты бар. Кəсіпорынның 60-қа жуық жұмысшысы болса, зауытта егін жинау науқаны кезінде 350-400-ге дейін жұмысшы істейді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Шымкент қаласы жəне Түркістан облысы бойынша филиал    директорының    орынбасары    Бекжан    Жұқабаев    атап    өткендей,

«ҚазАгроҚаржы» АҚ өңірдегі шаруаларға белсенді қолдау көрсетуде. «2023 жылы филиал жергілікті фермерлерге 9,5 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бойынша өршіл жоспарын белгіледі. Бүгінгі күні жылдық жоспардың 74 пайызы орындалды, яғни 7,3 миллиард теңгенің құрал-жабдықтары бенефициарларға жалға берілді. Бұл сандық көрсеткіште 575 техника, оның ішінде

176 бірлік мақта жинауға арналған. Осылайша, біз бірлескен күш-жігер арқылы мақта жинау науқанын табысты өткізуге, облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға күш саламыз», – Бекжан Жұқабаев.

Бекжан Жұқабаевтың айтуынша, «Рамазан-Агро» ЖШС жоғары технологиялық техниканы пайдаланады. Қожалықтың меншігінде 120-дан артық техникасы бар: John Deere мақта комбайндары, John Deere жəне «Беларус» доңғалақты тракторлары, трактор тіркемелері, алдыңғы жəне телескоптық тиегіштер, культиваторлар, сепкіштер, соқалар жəне тағы басқалары.

«Технологияның арқасында орта есеппен гектарына 25-26 центнерден өнім алған егіншілік гектарына 40 центнерге дейін өнім алуда. Біз PROGEN TOHUM түрік өндірушісінің элиталық тұқымын қолданамыз. Өткен жылы 20 мың тоннаға жуық шитті мақта өндірсек, биылғы маусымда оның көлемін 25 мың тоннаға жеткізуге жоспарлап отырмыз», – дейді Мейірхан Батырбек, «Рамазан Агро» ЖШС директоры.

Жалпы алғанда, компанияның өнімдері, оның ішінде талшық, мақта тұқымы, линт жəне ұлық ішкі нарықта да, басқа елдерде де қолданылуда. «Мəселен, өңделген тұқымдар Қазақстанда «Доня» брендімен танымал мақта майын өндіретін «ШымкентМай» АҚ жергілікті кəсіпорнына жіберіледі. Кəсіпорын өңделген мақта шикізатын – мақта талшығын, линтті, ұлықты – Латвия, Молдова, Ресей, Беларус жəне Түркияға, оның ішінде Cotton CZ s.r.o серіктестігі арқылы экспорттайды. Мақта өндірісі іс жүзінде қалдықсыз», – деп айтты Марат Қамбаров, «Рамазан-Агро» ЖШС директорының кеңесшісі.

Мақта дүние жүзіндегі талшық өндірісінің 35%-ын қамтамасыз ететін, əлемдегі ең маңызды дақылдардың бірі болып табылады. Жоғары қосылған құнына байланысты мақта «ақ алтын» деп аталады жəне оның өндіруі дамушы елдердің экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. 2021 жылы тамыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 7 қазанды жыл сайынғы Дүниежүзілік мақта күні деп жариялады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру