Call-center:
(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

ҚазАгроҚаржы «5% Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдауды жалғастырады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «5% Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша 17 маусымнан 10 шілде аралығында 18,5 млрд теңгеге 814 шарт жасалғандығын хабарлайды. Бағдарлама бойынша өтініш қабылдау жалғасуда.

Жылдық 5%-бен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін тұтынушылар KazAgroFinance.bot (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) атты телеграм боты арқылы өтініш қалдырулары қажет.

Бұдан кейін, 5 күн ішінде барлық қажетті құжаттарды жинап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жергілікті филиалына тапсыру керек. Филиалдардың байланыс телефондары компанияның  www.kaf.kz сайтында көрсетілген.

Еске сала кетейік, «5% Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған.

Жылдық мөлшері  - 5%

Лизинг мерзімі  –7 жылдан аспайды;

Сыйақы мөлшері  – жылдық 5 (бес) %;

Бірінші лизингтік төлем – лизинг затын алғаннан кейін мерзімі 2024 жылдың 1 желтоқсанынан кешікпей төлеу мүмкіндігімен 10% кем емес.

«ҚазАгро» Қаржы» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялар тобына кіреді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты. Компания 24 жылдан астам уақыттан бері еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамыту аясында қызмет етіп келеді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру