Бүгін, 2023 жылғы 17 ақпанда Қазақстан қор биржасының орталық кеңсесінде 2021 жылғы жылдық есептер конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті
Жылдық есептерді бағалау нәтижелері бойынша, ҚазАгроҚаржы «Қаржы секторындағы 2021 жылғы Үздік жылдық есеп» номинациясының лауреаты және «2021 жылғы жылдық есептің үздік дизайны» номинациясының жүлдегері болып танылды. Жылдық есеп - бұл стейкхолдерлермен тілдесудің маңызды арнасы. Осындай маңызды конкурстарда мойындау Компания ұстанатын даму бағытының дұрыстығын тағы бір рет көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚазАгроҚаржы ESG-ақпаратты ашу рейтингінде үздік 10 компанияның қатарына еніп, 5-позицияны иеленген және «В+» ашу рейтингін, сондай-ақ «ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша үздік қаржы компаниялары» рейтингінде 1-позицияға ие болған. Бағалауды PricewaterhouseCoopers (PwC) Kazakhstan жүргізді.
Артқа