(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Fitch Ratings халықаралық рейтинтік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның рейтингін көтерді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ инвесторлар үшін одан да тартымды бола түсті. Бұған рейтингінің «ВВ+»-дан «BBB-» дейін көтерілуі ықпал етті. Fitch Ratings беделді рейтингтік агенттік болып табылады және өз саласында ТОП-3 қатарына кіреді.

Ағымдағы жылы Қоғам нарықтағы жайғасымын едәуір нығайтып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген лизинг бағдарламасын қысқа мерзімде іске асырды, сондай-ақ белгіленген жоспарларды ойдағыдай орындауда. Осыны ескере отырып, Fitch «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтингін көтеру жағына қайта қарады. Рейтингтің жоғарылауы инвестициялық саясатқа және компанияға деген сенім деңгейіне оң әсерін тигізетін болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ең тиімді шарттарды ұсына отырып, лизингке жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын береді, соның арқасында аграршылар жыл сайын мыңдаған техниканы жаңартуға мүмкіндік алады. 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Жалғыз акционері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болып табылады, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның компаниялары тобына енеді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру