Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
6 мыңнан астам техниканы Қазақстанның аграршылары агролизингтің арқасында сатып алды

Қазақстан аграршылары агролизингтің арқасында 6 мыңнан артық техника сатып алды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның лизингі арқасында қазақстандық фермерлер 6 мыңнан артық жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алды және қазақстандық аграршылардың паркі 412 комбайнмен және 2597 трактормен толықтырылды. Сатып алынған техника қазірдің өзінде егін жинау жұмысына жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда 154,2 млрд теңге сомасына 3 мыңнан астам клиент қаржыландырылып та қойған, көктемгі егіс жұмыстарына 4 310 бірлік техника және егін жинау жұмыстарына 1885 бірлік техника берілді.

Клиенттеріміздің жартысынан көбі тек қана отандық өндірушінің пайдасына таңдау жасап отыр: аграршылардың назарында – «Қазақстанда жасалған» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламалары сұранысты қамтамасыз еткен қазақстандық өндірістің техникасы.

«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасын іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінді, оның 37,9 млрд теңгесі игерілді, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасына 15,7 млрд теңге бөлініп, 13,6 млрд теңгесі игерілді. Естеріңізге сала кетейік, осы бағдарламалар бойынша қаржыландырудың жеңілдікті мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Қоғам лизингке қаржыландырылған техника көлемін шамамен 165 млрд теңге мөлшерінде болжап отыр.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның компаниялары тобына кіреді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру