Комплаенс

Комплаенс

"ҚазАгроҚаржы" АҚ өзінің сенімді бизнес-серіктес ретіндегі беделін жоғары бағалайды және клиенттердің ұлттық институт және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингі нарығындағы көшбасшы ретінде қоғамның өз міндеттемелерін адал, әділ және бейтарап орындауын күтетінін түсінеді.

Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасын, бизнесті жүргізудің ішкі ережелері мен моральдық-этикалық қағидаттарын сақтауын ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ комплаенс-мәдениетті қалыптастыру үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ-да комплаенс қызметі құрылды.

Қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру, мүдделер қақтығысын тиімді реттеу, Қоғам қызметкерлерінің бизнесті жүргізу кезінде нормативтік талаптар мен кәсіби этика талаптарын сақтауын бақылау бойынша рәсімдерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.


"ҚазАгроҚаржы" АҚ-да бастамашылық ақпараттандыру арналары жұмыс істейді, олардың көмегімен комплаенс қызметін сізге белгілі қоғам қызметкерлерінің лайықсыз немесе құқыққа қарсы мінез-құлық фактілері, заңнаманы және реттеушілік талаптарды бұзушылықтар туралы хабардар етуге болады.

Берілген ақпараттың құпиялылығына назар аударамыз. Егер дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер болса, иесі бүркемеленген өтініштер өңдеуге қабылданады.

Бұзушылық туралы адал хабарлаған Клиент немесе қоғам қызметкері хабарламаның сипатына қарамастан қоғам тарапынан қандай да бір ықпал ету шараларына тартыла алмайды.

Хабарламаларды жіберу үшін жедел желіге (сенім телефонына) хабарласыңыз: 8 (7172) 580 411 (электрондық мекенжай hotline@kaf.kz) немесе осы беттегі жіберу формасын пайдаланыңыз.