- Біз туралы
- Өнімдер
- Сатылатын мүлік
- Корпоративтік басқару
- Тұрақтылық және ESG тәжірибесі
- Инвесторларға
- Сатып алулар
- Баспасөз орталығы
- Байланыс
Өтінімнің мәртебесін тексеру
ESG жаңалықтары мен іс-шаралары
ҚазАгроҚаржы БҰҰ тұрақты дамуының барлық 17 мақсатының (бұдан әрі – ТДМ) маңыздылығын қолдайды және мойындайды және ТДМ-ға қол жеткізуге елеулі үлес қосуға ұмтылады.
Компания өз қызметі шеңберінде мынадай Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді жүзеге асырады:
ТДМ 1. Кедейлікті барлық нысандарда жаппай жою
ТДМ 2. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу
ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету
ТДМ 5. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту
ТДМ 8. Тұрақты, толық қамтылған және тұрақты экономикалық өсуге, толық және Өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмысқа жәрдемдесу
ТДМ 12. Тұтыну мен өндірістің ұтымды модельдерін қамтамасыз ету
ТДМ 15. Құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату
Компаниядағы орнықты дамуды басқару Компания қызметін басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тұрақты даму облысындағы Компания:
Компанияның Жылдық есебі Жыл сайын жылдық есептер конкурсына қатысады.
2022 жылдың маңызды оқиғаларының бірі «Жеңілдікті лизинг» жаңа қаржыландыру бағдарламасын енгізу болды. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 14 шілдеде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Үкіметіне «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық а/ш техникасын сатып алу мақсатында жеңілдікпен кредит беру тетігін енгізуді тапсырды.
«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне 388 бабтың 1 тармағының 15 тармақшасы бойынша) және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған салаларға әрі қарай жобаларды қаржыландыру үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым өндірушілерінің (импорттаушыларының) кеңейтілген міндеттемелерін оператордың қаржыландыру қағидаларымен іске асырылады.
Осы бағдарлама бойынша Лизингтік компания болып ҚазАгроҚаржы анықталды. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асыру үшін отандық өндірістің мыңға жуық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 40 млрд теңге бөлінді. Техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін және сәйкестік сертификаттары бар техника лизингке беріледі.
Компанияның негізгі бизнес-үдерістеріне орнықты даму қағидаттарын енгізу мақсатында есепті жылы ҚазАгроҚаржы орнықты даму жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар Жоспары іске асырылды.
Жоспарды іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді: