- Біз туралы
- Өнімдер
- Сатылатын мүлік
- Корпоративтік басқару
- Тұрақтылық және ESG тәжірибесі
- Инвесторларға
- Сатып алулар
- Баспасөз орталығы
- Байланыс
Өтінімнің мәртебесін тексеру
Қоғамның әлеуметтік жауапкершілік саясаты және тәжірибесі туралы ақпарат
Кадрлық саясаты және әлеуметтік қолдау
Қоғамның кадрлық саясаты персоналды басқарудың тұтас ұзақ мерзімді стратегиясы болып табылады, оның басты мақсаты Қоғамның еңбек ресурстарына қажеттіліктерін нақты уақыт шеңберінде қажетті сапа мен санмен толық және уақтылы қанағаттандыру болып табылады. Білікті, бастамашыл, жоғары уәжді, қарқынды сапалы жұмысқа бағытталған жұмыскерлер Қоғамның басты байлығы және бәсекеге қабілеттіліктің маңызды көзі ретінде қарастырылады.
Кадрлық саясатының негізгі мақсаты Қоғамның стратегиялық мақсаттарын орындау үшін жоғары білікті жұмыскерлер мен мобильді еңбек ресурстарын тартуға, дамытуға және ынталандыруға негізделген персоналды басқарудың тиімді жүйесін құру және жетілдіру болып табылады.
Кадрлық саясатты іске асырудың негізі тиімді ұйымдық құрылымның және оңтайлы кадр құрамының болуы, корпоративтік мәдениетті дамыту және басшылардың дағдыларын арттыру, тартудың және әлеуметтік тұрақтылықтың оң деңгейіне қол жеткізу, тартудан сабақтастыққа дейінгі таланттарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу болып табылады.
Әлеуметтік қолдау Қоғам жұмыскерлерінің тиімді жұмысы үшін, жоғары білікті жұмыскерлерді ұстап қалу және тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көрсетіледі, сондай-ақ кәсіби, жеке және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер береді және осылайша Қоғам мен жұмыскерлердің ұзақ мерзімді, тиімді және жемісті қарым-қатынастарына қызығушылықты арттырады, соның салдарынан жоғары еңбек тиімділігіне қол жеткізу болып табылады.
Қоғам басшылығы жұмыскерлер үшін әлеуметтік және өзге де кепілдіктерді қамтамасыз етеді:
Әлеуметтік саясатты табысты іске асыру персоналды ынталандыруға және Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жауапты жұмыс беруші және әлеуметтік бағытталған ұйым ретінде имиджді нығайтуға ықпал етеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Қоғамның басым құндылықтарының бірі болып табылады және Қоғамның бизнес жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттанудың алдын алу, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту, жұмыс орындарында тәуекелдер мен қауіптерді азайту Қоғамның кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатының негізгі бағыттары болып табылады.
Демеушілік және қайырымдылық
Қоғам тұрақты негізде халықтың аз қорғалған топтарына қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетеді, сондай-ақ бейінді коммерциялық емес ұйымдарға (интернат-үйлер, мектепке дейінгі балалар, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары және т.б.) қолдау көрсетеді.
Қайырымдылық және демеушілік көмек Қоғамның тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде көрсетіледі.