(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Омбудсмен

Омбудсмен – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесімен тағайындалатын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам жұмыскерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Қоғам жұмыскерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету болып табылады.

Өзіне жүктелген міндеттерге қол жеткізу мақсатында Омбудсмен мынадай функцияларды орындайды:

1) Іскерлік әдеп кодексінің ережелерін сақтамау туралы мәліметтер жинау;

2) Іскерлік әдеп кодексінің ережелері бойынша Қоғам жұмыскерлеріне және лауазымды тұлғаларына кеңес беру;

3) жүгінген жұмыскерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға консультация беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды, оның ішінде қажет болған кезде құпиялылықты сақтауды ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдем көрсету;

4) Қоғам жұмыскерлерінің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың және Қоғам жұмыскерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдем көрсету;

5) жанжалдарды (дауларды) реттеу бойынша дауға, жанжалға немесе проблемалық жағдайға қатысатын адамдар үшін ұсынымдар әзірлеу;

6) жұмыскерлер, жұмыскерлер тобы, Қоғамның мүдделі тұлғалары және Қоғамның өзі арасындағы жанжалдардың алдын алуға және оларды ерте кезеңдерде шешуге, сондай-ақ Қоғамда Іскерлік әдеп кодексінің қағидаттары мен қағидаларын бекітуге жәрдемдесу;

7) Қоғамның лауазымды адамдарына жүйелі, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы жанжалдарды (дауларды) шешу және болдырмау бойынша, сондай-ақ іскерлік этика қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша консультация беру;

8) жанжалға қатысушыларға жанжалды жағдайларға байланысты мәселелер бойынша кеңес беру;

9) ұсынымдық сипаттағы, оның ішінде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған өзге де шараларды қабылдау.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Омбудсменінің байланыс деректері:

Акрачкова Дина Викторовна, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аппаратының жетекшісі.

Электрондық мекен-жайы: ombudsmen@kaf.kz

Пошталық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05T3E2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 55А үй.

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру