- Біз туралы
- Өнімдер
- Сатылатын мүлік
- Корпоративтік басқару
- Тұрақтылық және ESG тәжірибесі
- Инвесторларға
- Сатып алулар
- Баспасөз орталығы
- Байланыс
Өтінімнің мәртебесін тексеру
Инвесторларға
«КазАгроФинанс» АҚ – бұл Қазақстанның АӨК дамытуға қолдау жасау мақсатында 20 жыл бойы қызметін жүзеге асырып келе жатқан лизингтік компания. Бүгінгі таңда Қоғам үлесті алып отырған лизингтік қызметтер нарығындағы көшбасшы болып табылады (РА сарапшысы бойынша). Қоғамның несие қоржынында 7 мыңнан астам клиент бар.
2000-2019 жылдар кезеңінде" ҚазАгроҚаржы " АҚ АӨК-ні дамытуға және қолдауға 798,1 млрд. теңге бағытталды. Біз барлығы 48,9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды қаржыландырдық. Сонымен бірге, Қоғамның кең өңірлік желісі және бүкіл Қазақстан бойынша 15 филиалы бар
«КазАгроФинанс» АҚ жетекші әлемдік компания - Ernst&Young аудитінен өтуде, сондай-ақ беделді агенттіктердің халықаралық рейтингтеріне ие. Оң қаржылық нәтижелері мен позитивтік имиджі ҚазАгроҚаржыға FitchRatings сияқты беделді агенттіктің жоғары халықаралық рейтингін алуға мүмкіндік береді.
2022 жылғы 10-қарашада «Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігі "ҚазАгроҚаржы" АҚ ұзақ мерзімді шетелдік және ұлттық валютадағы рейтингтерін (ЭДР) «BB +» деңгейінен "ВВВ-" деңгейіне көтерді. Рейтингтер болжамы "Позитивті" деңгейінен "Тұрақты" деңгейіне өзгертілді.
Қазақстанның бүгінгі қоғамдық-саяси тұрақтылығы елдегі қолайлы инвестициялық ахуалдың негізіне айналды.
Мынадай жағдайлар жасалған:
Аталмыш инвестициялық артықшылықтар, жылыжайлар құрылысын қоспағанда, ауыл шаруашылығының тек басым қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру кезінде ғана беріледі.
Оның үстіне, қол қойылған үш елдің – Қазақстан, Ресей мен Беларусияның Еуразиялық Экономикалық Одағын құру туралы шарт одақтың қатысушы елдерінің аумағында бажсыз сауданы қамтамасыз етеді, осылайша нарық шекарасын едәуір кеңейтеді. Сонымен қатар, қазір біз еліміздің барлық аймақтарында орналасқан еркін экономикалық аймақтардың аумағында өндірістер құру мүмкіндігіне иеміз. ЕЭА маңызды ерекшеліктері жеңілдікпен салық салу, сондай-ақ бүкіл қажетті инфрақұрылыммен мемлекеттік қамтамасыз ету мүмкіндіктері болып табылады (жер телімдерін беру, коммуникациялар жүргізу және т.б.).
«ҚазАгроҚаржы» АҚ өткен жылғы 8 млрд. теңге мөлшерінде 5-жылдық теңгелік облигацияларды шығару және орналастыру бойынша мәмілесін EMEA Finance «Еуропада, Таяу және Орта Шығыста әрі Африкада Облигациялардың Ұлттық Валютадағы Үздік Шығарылымы» санатында жеңімпаз деп таныған (“Best local currency bond in EMEA”).
Рейтингтер
Соңғы өзгерістер енгізілген күн
2022 жылғы 10 қарашада
Борышқорлық құралдар
Инвесторларға арналған жобалар