(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ҚазАгроҚаржы-уақыт сынынан өткен сенім

Жаңалықтар

ҚазАгроҚаржы – уақытпен дәлелденген сенім

«ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК лизингі нарығында қолжетімді және тиімді шарттарда лизингке техника мен жабдық ұсынатын негізгі қаржы институты болып табылады. Компания еліміздің аграрлық секторындағы техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отырып, 20 жыл бойы өз қызметін табысты түрде жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі таңда лизинг өнім өндірісі мен еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін, негізгі қорларды жаңартудың қарапайым әрі тиімді әдісі болып қала бермек. Мемлекеттік саясаттың аграрлық секторды техникалық жарақтандыруға бағытталғандығын негізге ала отырып, ҚазАгроҚаржы 2020-2029 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын әзірледі. Жаңа Стратегияда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемін ұлғайтуға, қызмет көрсетуді жетілдіруге және көрсетілетін қызметтің тиімділігін арттыруға бағдар алынды.

Ағымдағы жылы ТЖ режимінің әрекет ету кезеңіне және карантинге қарамастан, компания қаржыландыруға берілген өтінімдерді қабылдау мен қарауды тоқтатпады және бұл жұмыстарды оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырды.

Отандық шаруалар мен отандық машина жасау субъектілерін қолдау мақсатында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, «Қазақстанда жасалған» арнайы жеңілдікті бағдарламасы жұмыс істей бастады, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отандық техниканы алғытөлем төлемей (инвестсубсидиялар есебінен), қандай да бір комиссиясыз және кепілсіз, жылдық 6% жеңілдікті қаржыландыру мөлшерлемесімен, 10 жылға дейін лизинг мерзімімен әрі 1 жылға дейін лизингтік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезеңмен алуға мүмкіндік берді.

«Шебер-лизинг» бағдарламасы шеңберінде клиент құжаттарды қайта жинамай және өтінімді қарамай, 1 жыл қолжетімділік кезеңмен лизинг желісін ашу мүмкіндігіне ие болады.

«Экспресс-лизинг» бағдарламасы бойынша клиенттің өтінімі бойынша шешім 5 күн ішінде табысты растаусыз қабылданады, бұл ретте осы бағдарлама бойынша қаржыландыру ең аз құжаттар пакеті бойынша жүзеге асырылады, бизнес-жоспар мен қаржылық есептілік талап етілмейді.

«Беларусьта жасалған» бағдарламасы бойынша - Қазақстан Республикасы (10%) мен Беларусь Республикасы (6%) бөлетін субсидияларды ескере отырып, 5 жылға дейінгі лизинг мерзіміне жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен Белоруссия өндірісінің техникасын сатып алуға болатын.

Барлық бағдарламалар бойынша жеңілдікті кезең бар (клиенттерге сыйақы мен негізгі қарызды шарт жасалған сәттен бастап бір жыл өткеннен кейін төлеу мүмкіндігі беріледі).

Жалпы алғанда, қаржыландырудың негізгі басым шарттары техниканы кепілсіз, комиссиясыз, жеңілдікті кезең ұсына отырып, ұзақ қаржыландыру мерзімімен беру болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың арқасында, техниканы алғытөлем төлемей, лизинг нысанасы құнының 25% дейінгі мөлшерінде инвестициялық субсидия есебінен алуға болады.

2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның лизингтік мәмілелерінің сомасы 687,7 миллиард теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 85,5 миллиард теңге сомасына 53 693 бірлік техника, ал ағымдағы жылы 4 801 бірлік техника лизингке берілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның бәсекелестік артықшылықтары - саладағы жоғары құзыреті, нарықтағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі, дамыған филиалдық желісі, мықты кадрлық құрамы сенімді кредиттік рейтингтері мен қаржы қаражатын тартуға қолжетімділігі лизинг нарығында көшбасшылық позицияны сақтап қалуға және отандық фермерлер үшін сенімді серіктес болып қалуға мүмкіндік береді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру