Мұрағат
Жарнама саласындағы көрсетілетін басқа қызметтер (Визуалды графикалық тұжырымдаманы, иллюстрациялары мен инфографикасын әзірлеу, кәсіби беттеу, жобаның барлық кезеңдерінде үш тілде техникалық редакциялау, файлдарды тираждауға дайындау (пре-пресс), жылдық есептің интерактивті нұсқасын дайындау) және аталған айрықшалыққа сәйкес Жылдық есепті баспаханада шығару, қазақша, орысша, ағылшынша нұсқалары»
Тапсырыс беруші: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы («ҚазАгроҚаржы» АҚ), Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4.
Сатып алу ұйымдастырушысы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Материалдық қамтамасыз ету бөлімі, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, 415 каб., тел. 8-7172-59-28-78, ішкі 1653.
Жүзеге асырылатын тауар сатып алудың атауы: баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық есебін (дизайнын) жасау және жылдық есепті басып шығару бойынша көрсетілетін қызметтер».
Тауардың қысқаша сипаттамасы, қажетті көлемі, тауар жеткізілетін жер, мерзім, шарттары: хабарландырудың қосымшаларында көрсетілген (№1, №2, №3 қосымшаларын қараңыз).
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынымдарын тапсыра бастайтын және тапсырып болатын мерзімдері: әлеуетті жеткізушілердің конвертке салынған баға ұсынымдары: Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, 201 каб. (кеңсе) мекенжайына, 2018 жылғы 14 наурыздан 20 наурызға дейін (қоса алғанда) сағат 09.00 мин. бастап сағат 13.00 мин. дейін және сағат 14.30 мин. бастап сағат 18.00 мин. дейін тапсырылады.
Баға өтінімі салынған конверт «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлеріне 201 кабинетке (кеңсе) табыстау кезінде, сатып алуға қатысуға арналған өтінім салынған конверт ретінде оны сәйкестендіру үшін, жеткізу (пошталық, курьерлік) қызметінің қаптамасынан босатылуға тиісті.
Тауар жеткізілетін жер: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 51 үй,
кқ-4.
Қызмет көрсетілетін мерзім: №1 Қосымшада көрсетілген.
Төлемақы төлеу шарттары мен мерзімі: тиісті Өтінім бойынша көрсетілген Қызмет үшін ақы Тапсырыс берушімен №3 Қосымшада көрсетілген шарттарға сәйкес төленеді.
Баға ұсынымын дайындауға қойылатын талаптар:
Әрбір әлеуетті жеткізуші бағасы көбею жағына қарай өзгертуге жатпайтын бағамен, төмендегідей мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынымын тапсырады:
1) атауы, заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) (заңды тұлға үшін), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың атауы мен жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН) (жеке тұлға үшін), әлеуетті жеткізушінің банк деректемелері, телефоны, e-mail;
2) көрсетілетін қызметтің атауы, сипаттамасы мен көлемі;
3) тауар жеткізілетін жер және мерзім;
4) ұсынылған шарт жобасына және оған қоса тіркелген қосымшаларға сәйкес шарт жасасуға келісім;
5) көрсетілетін ілеспе қызметтердің құнын бірге қосқанда, сатылып алынатын тауардың түпкілікті бағасын құрайтын барлық нақты шығындар қамтылған, таңдалып алынған әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушімен ұсынылған тауардың бір бірлігінің бағасы мен жалпы сомасы.
Сонымен бірге:
1. Заңды тұлғаның баға ұсынымына келесі құжаттар қоса тіркелуге тиісті:
1) жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе электрондық құжаттан басып шығарылған нұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
3) қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (болса) немесе әлеуетті жеткізушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтынын көрсету;
4) әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын қызметті көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың (патент, лицензия және т.б) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) СТ-KZ сертификатының көшірмесі (егер бар болса);
6) жылдық есептерді басып шығару бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем болмауға тиіс);
7) соңғы 3 жылдағы орындалған жұмыс актілерінің көшірмелері (Жыл сайынғы жылдық есептерді шығару көлемі кемінде 4 дана болуға тиіс);
8) жылдық есептер конкурсының номинацияларында, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 3 жылда өткізілген конкурстардағы алған жүлделі орындарының бар болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) жұмыстарды жылдық есептердің баспа және интерактивті нұсқалары бойынша көруге болатын Жеткізушінің қызметі расталған, Жеткізушінің ресми сайтының бар болуы – сайтқа сілтемені ұсыну;
10) төменде аталған мамандар көрсетілген Жеткізушінің штат кестесінен үзінді көшірме (штат кестесінде мамандар болмаған жағдайда және әлеуетті жеткізуші жұмысшы адамдарды немесе мамандарды тартқан жағдайда жалдау шарты / азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт /еңбек шарты бойынша) аталмыш құжаттардың электрондық көшірмелерін және кемінде, мынадай ақпараттар көрсетілген, бірақ олармен шектелмей: жұмыс тәжірибесі, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың атауы, байланыс телефондарын көрсете отырып, тапсырыс берушінің атауы көрсетілген мамандардың түйіндемесі.
Сапалы қызметтің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін, Жеткізушінің мынадай мамандарының болуы қажет:
| Атауы | Мөлшері | Пішім | Сілтеме |
|---|---|---|---|
| приложение 1 Годовой отчет | 36Кб | doc | Скачать |
| приложение 3 - проект Договора Годовой отчет | 40.68Кб | docx | Скачать |
| приложение 2 Годовой отчет | 22.05Кб | docx | Скачать |
Кеңес ал!