(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

ҚазАгроҚаржы қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен аграршылардан ұзарту үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда

Биылғы жылы дәнді дақылдар өнімінің жоғалуы Павлодар облысының аграршылары үшін өткір проблемаға айналды, оларды қаржылық қиындықтарға тап болуға мәжбүр етті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты аграршыларға қаржы лизингі шарттарын қайта құрылымдауды/ұзартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар облысындағы филиалы құрғақшылықтан зардап шеккен аграршылардан 33 өтінім алды. Оның ішінде 3 өтінім мақұлданған. Қалған өтінімдерді Компания филиалымен белсенді түрде өңделуде.

«ҚазАгроҚаржы бізге қиын уақытта қолдау көрсетті. Біздің шаруашылығымыз үшін қарызды ұзарту бізге орнықтылықты сақтауға және өнімді шығындардан кейін де жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді», - «Весна» ШҚ басшысы Филипишин Анатолий Владимирович, аударуға өтінім бергендердің бірі.

Сондай-ақ Компанияда су тасқыны, төтенше оқиға, төтенше жағдай, қолайсыз табиғат құбылыстары, құрғақшылық сияқты мән-жайларды қамтитын форс-мажорлық мән-жайлар басталған кезде құжаттардың қысқартылған пакетімен жеңілдетілген форматта ұзарту/қайта құрылымдауды ұсыну туралы Қарыз алушының өтінішін қарауға қатысты мәселе пысықталды.

2023 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша компанияға құрғақшылық, шамадан тыс жауын-шашын салдарынан зардап шеккен 78 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден (68 жазбаша өтініш және 10 ауызша өтініш) 5,3 млрд теңге сомаға өтініштер келіп түсті. Төлемдер бойынша кейінге қалдыруды клиенттер 3 айға да, 1 жылға да сұрайды. Кейінге қалдыру бойынша ең көп сұралған мерзімдер қанағаттандырылады.

Бұған дейін Компания тұрақсыздық айыбын есептен шығару жөніндегі науқанның басталғаны туралы жариялаған болатын, сондай-ақ «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 1 наурызға дейін авансты төлеу бойынша кейінге қалдыра отырып, жем өндіру үшін а/ш техникасын лизингке алуға мүмкіндік берді.

Қолайсыз ауа-райына байланысты қиындықтарға тап болған аграршыларға ҚазАгроҚаржы қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы қиын кезеңде компания ауыл кәсіпкерлеріне экономикалық қиындықтарды жеңу үшін көмек көрсетуге өзінің дайын екендігін растайды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру