Мұрағат

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бизнес-үдерісті басқару бойынша бойынша көрсетілетін қызметтер (ішкі аудит қызметі жұмысының сапасына сыртқы бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер)

«Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бизнес-үдерісті басқару бойынша бойынша көрсетілетін қызметтер (ішкі аудит қызметі жұмысының сапасына сыртқы бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер)» Тапсырыс беруші: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы («ҚазАгроҚаржы» АҚ), Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кж-4. Сатып алу ұйымдастырушысы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Материалдық қамтамасыз ету бөлімі, Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кж-4, 415 кабинет, тел. 8-7172-59-28-78 (ішкі 1650). Жүзеге асырылатын қызмет сатып алудың атауы: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен «Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бизнес-үдерісті басқару бойынша бойынша көрсетілетін қызметтер (ішкі аудит қызметі жұмысының сапасына сыртқы бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер)». Көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы, қажетті көлемі, қызмет көрсетілетін жер, қызмет көрсетілетін мерзім, қызмет көрсету шарттары: хабарландырудың қосымшаларында көрсетілген (№1, №2, №3қосымшаларын қар.). Ықтимал өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсына бастайтын және ұсынып болатын мерзімдері: ықтимал өнім берушілердің конвертке салынған баға ұсыныстары: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кж-4, 201 каб. (кеңсе) мекенжайына, 2019 жылғы 26 қыркүйектен 2 қазанға дейін (қоса алғанда) сағат 09.00 мин. бастап сағат 13.00 мин. дейін және сағат 14.30 мин. бастап сағат 18.00 мин. дейін тапсырылады. Іштеріне баға ұсыныстары салынып тапсырылған конверттердің ашылуы 2019 жылғы 3 қазанда сағат 11.00-де мына мекенжайда ашылады: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кж-4. Баға өтінімі салынған конверт 201 кабинетке (кеңсе) «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлерінің қолына табыстау кезінде, сатып алуға қатысуға арналған өтінім салынған конверт ретінде оны сәйкестендіру үшін, жеткізу (пошталық, курьерлік) қызметінің қаптамасынан босатылуы тиіс. Қызмет көрсетілетін орын: Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51, кж-4, лоттарға сәйкес. Қызмет көрсетілетін мерзім: шарт жасалған күннен бастап, ақырғы күнін қоса алғанда 31.12.2019 ж. дейін. Төлемақы төлеу шарттары мен мерзімі: көрсетілген Қызмет үшін ақы жасалған шарттың талаптарына сәйкес төлем шоты қойылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшаны Жеткізушінің есеп шотына аудару арқылы төленеді. Баға ұсынысын дайындауға қойылатын талаптар: Әрбір ықтимал өнім беруші бағасы көбею жағына қарай өзгертуге жатпайтын бағамен, төмендегідей мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынысын тапсырады: 1) атауы, заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) (заңды тұлға үшін), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың атауы мен жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН) (жеке тұлға үшін), ықтимал өнім берушінің банк деректемелері, телефоны, e-mail; 2) көрсетілетін қызметтің атауы, сипаттамасы мен көлемі; 3) қызмет көрсетілетін жер және мерзім; 4) ұсынылған шарт жобасына және оған қоса тіркелген қосымшаларға сәйкес шарт жасасуға келісім; 5) көрсетілетін ілеспе қызметтердің құнын бірге қосқанда, сатып алынатын қызметтің түпкілікті бағасын құрайтын, барлық нақты шығындар қамтылған ықтимал өнім беруші ұсынған қызметтің бір бірлігінің бағасы мен жалпы сомасы (осы хабарландыруға қоса тіркелген №2 қосымшаға сәйкес бағасын ажыратып жаза отырып) . Сонымен бірге: 1. Заңды тұлғаның баға ұсынысына мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс: 1) жарғының көшірмесі; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе электрондық құжаттан басып шығарылған нұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; 3) қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (болса) немесе ықтимал өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтынын көрсету; 4) ықтимал өнім берушінің қызметті көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың (патент, лицензия және т.б) көшірмелері; 5) Техникалық айрықшалықтың (№2 Қосымша) 4-тармағында көрсетілген қызметтің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелері 6) СТ-KZ сертификатының көшірмесі (егер бар болса). 2. Жеке тұлғаның баға ұсынымында келесі құжаттар қамтылуы тиіс: 1) жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі; 2) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу туралы құжаттың көшірмесі немесе электрондық құжаттан басып шығарылған нұсқасы; 3) қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе ықтимал өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтынын көрсету; 4) ықтимал өнім берушінің қызметті көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың (патент, лицензия және т.б) көшірмелері; 5) Техникалық айрықшалықтың (№2 Қосымша) 4-тармағында көрсетілген қызметтің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 6) СТ-KZ сертификатының көшірмесі (егер бар болса); Баға ұсынысын ықтимал өнім беруші конвертке салып жапсырады және осы хабарламада көрсетілген кезеңде Сатып алу ұйымдастырушысына табыстайды. Ықтимал өнім беруші баға ұсынысын беттік жағында төмендегідей мәліметтер көрсетілуге тиісті конвертке салып жапсырады: 1) ықтимал өнім берушінің атауы мен пошталық мекенжайы, БСН/ЖСН, телефон нөмірі, e-mail; 2) Сатып алу ұйымдастырушысының атауы мен пошталық мекенжайы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Әкімшілік департаменті Материалдық қамтамасыз ету бөлімі, Нұр-Сұлтан қ., 010000, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кж-4, 201 каб.; 3) сонымен қатар мынадай мазмұндағы мәтін: «Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бизнес-үдерісті басқару бойынша бойынша көрсетілетін қызметтер (ішкі аудит қызметі жұмысының сапасына сыртқы бағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер)». Соңғы ұсынылу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылған конверттер кері қайтарылады және тіркеуге жатпайды. Ұйымдастырушы баға ұсынысы салынған конверт ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін жеткізу қызметінің қаптамасында ұсынылған конверттер үшін жауап бермейді. Сатып алуға қатысу үшін ықтимал өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиісті: 1) құқық қабілеттілігіне ие болуға (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие болуға (жеке тұлғалар үшін); 2) төлем төлеуге қабілетті болуға; 3) банкроттық немесе тарату шараларын қолдануға жатпауға; 4) сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындауға жеткілікті материалдық, қаржы және еңбек ресурстары болуға; 5) Тапсырыс беруші мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қалыптастырған Сенімсіз өнім берушілер тізбесіне кірмеуге; 6) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырған Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне кірмеуге. Ықтимал өнім берушінің баға ұсынысын ұсынуы, ықтимал өнім берушінің жоғарыда аталған біліктілік талаптарына сәйкес келуінің дәлелі болып табылады. Ықтимал өнім берушінің баға ұсынысын ұсынуы, осы хабарландыруда көзделген шарттарды сақтай отырып, оның қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

Тіркелген файлдар:
Атауы Мөлшері Пішім Сілтеме
Объявление с приложениями Аудит СВА 2019 3.95Мб pdf Скачать
Приложение №3 проект договора 9.37Мб pdf Скачать
Артқа
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру