(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

ҚАҚ фермерлерге тұрақсыздық айыбын есепке алмай төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады

Су тасқынынан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландыру мерзімінің соңына дейін кейінге қалдырылған төлемдерді теңдей бөлу арқылы 2024 жылы бастау алған төлемдер бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша)  қайта құрылымдауды жүргізу үшін өтініш бере алады.

Бюджет қаражаты есебінен 2024 жылғы 10 қарашаға дейін бірінші лизингтік төлемді (алдын ала төлемді) кейінге қалдыра отыра, сондай-ақ алдын ала төлем 0% - мен 2024 жылы жасалған қаржыландыру шарттары бойынша қайта құрылымдау жеңілдетілген түрде тек сыйақы бөлігіне ғана беріледі.

Қаржыландыру шарттары бойынша төлем жасау мерзімі кесте бойынша 2024 жылы аяқталатын болса, онда ұзарту шарты тек 12 айға ғана беріледі.

Бұдан бөлек, қаржыландыру шарттары бойынша 2024 жылы көктемде орын алған су тасқынан зардап шеккен қарыз алушыларына кешіктірілген төлемдер үшін айыппұлдары мен өсімпұлдары есепке алынбайды.

2024 жылдың 30 маусымына дейін фермерлер компанияның филиалдарына өтініш берулері қажет.

Төлемдер бойынша қайта құрылымдау/ұзарту үшін:

1) Лизингтік төлемдерді кейінге қалдыру туралы өтінішті ҚАҚ жолдау (қағаз жеткізгіште немесе корпоративтік электрондық поштаға);

2) Өтінішті беру кезінде өтініш берушінің есімі компания клиенттерінің тізімінде болмаса, форс-мажорлық жағдайлардың пайда болуын растайтын құжаттарды ЖАО беру қажет.

Берілген құжаттардың аясында ҚАҚ өтініштерді қысқа мерзім ішінде қарастырады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру