(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Теріске шығару

2024 жылдың 12 наурызында pavon.kz сайтында «Павлодар тұрғын үй қатынастары бөлімі заң бұзу арқылы 3,5 миллиард теңгеге үй сатып алды» деген тақырыпта жазба жарияланды. Аталған мақалада «ҚазАгроҚаржы» АҚ Павлодар аудандық филиалының жұмысында заң бұзушылық фактілері анықталды деген болжамды ақпарат таратылған.

БАҚ мақаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Сұңғат» ШҚ-на лизингке ауыл шаруашылық техникасын бергендігі анықталды»,-делінген.

Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Сұңғат» ШҚ тіркеу есебінен шығарылмаған, бүгінгі күнде жұмыс жасап отырған кәсіпорын. Тұтынушы уақытылы лизинг төлемдерін жасап отыр және ШҚ төлем бойынша кешіктірулері жоқ.

«Аудитпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ -мен тапсырыс беруші «DAN-Agro PVL»ЖШС болып табылатын жылжымалы мүлікті бағалау бойынша есепті негізсіз қабылданғандығы анықталды. Компанияда бағалау туралы есептерді жасау кезінде объектіге қатысты меншікті құқығы болған жоқ, ал бұл әрекет  заң бұзушылыққа жатады.  Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг объектісінен бөлек, жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану кұқығы бойынша қабылданатын қаржы лизингтік шарттар жасасқан.  Аудитпен лизинг алушының жерді пайдалану құқығы қаржылық лизинг мерзімінен бұрын аяқталған фактілері де  анықталды»,- делінген мақалада.

ҚР 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес, тапсырыс беруші - бағалау жүргізу шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға болып табылады. Яғни, тапсырыс берушіге бағалау объектісіне меншік құқығының болуы шарт емес.

Сондай-ақ, Заңның 8 бабының 12 тармағына сәйкес: «Тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау жүргізу шартын жасасу құқығын беретін өзге де негіздер қажет. Бұл жағдайда үшінші тұлға ретінде тұрақты сатып алушының, яғни «DAN-Agro PVL»ЖШС-тің өтініші негіз болып табыдады, бұл «ҚазАгроҚаржы» АҚ жазбаша өтінішімен расталады.

Тұрақты сатып алушы «DAN-Agro PVL»ЖШС 2021-2022 жылдары ауыл шаруашылық техникаларына бағалау жүргізу бастамашысы болды, ал бұл әрекет заң бұзушылдыққа жатпайды.

Тәуелсіз бағалау компанияларының есептері заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан «ҚарАгроҚаржы» АҚ қызметкерлерінің міндетті сараптамасынан өтеді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ барлығы мерзімі бұзылған 27 лизинг жартын жасасқан деген ақпаратқа келесіні хабарлаймыз:

Жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану кұқығы қаржылық лизинг мерзімінен бұрын аяқталу жобаларына қатысты. Қаржы Лизинг шартының мерзімі лизинг нысанасының пайдалы қызмет мерзіміне сүйене отыра анықталады. Бұдан бөлек, ҚР 2003 жылдың 20 маусымындағы №442 Жер Кодексінің нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының өзге заңдары мен жалға беру шарттарында белгіленбесе,  жалдау шартының қолдану мерзімі өткеннен кейін уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) тиісті түрде өз міндеттерін орындаған жағдайда басқа адамдардың алдында жаңа мерзімге шарт жасасу құқығы басым болып келеді.

Осылайша, жер телімінің жалға алу мерзімін ұзарту мүмкіндігін ескере отыра, тұтынушының борыштық жүктемесін азайту мақсатында лизинг шарттары уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының қолданылу мерзімінен асатын мерзімге жасалады.

Осыған орай, «ҚазАгроҚаржы» АҚ pavon.kz  ғаламтор желісінде «Павлодар тұрғын үй қатынастары бөлімі заң бұзу арқылы 3,5 миллиард теңгеге үй сатып алды» деген тақырыпта жарыққа шыққан жазбада бұрмалы және шынайлыққа сәйкес келмейтін ақпаратты қамтитын болғандықтан, мақалада кездесетін теріс ақпаратты алып тастауларыңызды сұрайды.

"ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниялар тобына кіреді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты. Компания еліміздің аграрлық саласындағы техникалық жарақтандыруды дамытуға ықпал ете отыра, қызметін 24 жыл бойы табысты жүзеге асырып келеді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру