(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» жеңілдік бағдарламалары бойынша өтініштер қабылдауды жалғастырады!

2024 жылдың 19 ақпанында сағат 10.00-де (Астана қ. уақыты бойынша) «Жеңілдік лизингі» және «Қазақстанда жасалған» атты жеңілдік бағдарламаларын қаржыландыру бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобына кіреді)  аталмыш шараға қызығушылық танытқан фермерлерді жеңілдікті лизинг бағдарламаларымен қолдануға шақырады.

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында бөлінген қаражат соммасы – 9,2 млрд теңге.

Бағдарлама шарттары:

  • Лизинг нысанасы: тіркелмелі, елімізде өндіріліп/құрастырылған отандық көлік жабдықтары;
  • жылдық мөлшерлеме - 6%;
  • лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
  • алдын ала төлем – лизинг нысанасы құнының 15% бастап;
  • қамтамасыз ету – талап етілмейді;
  • шектеу  - 180 млн.-нан кем емес және лизинг нысанасының 3 бірлігінен артық емес.

«ЖЕҢІЛДІКТІ ЛИЗИНГ»

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында бөлінген қаражат соммасы  – 9 млрд тенге.

Бағдарлама шарттары:

  • Лизинг нысанасы: елімізде өндіріліп/ құрастырылған отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы;
  • жылдық мөлшерлеме - 6%;
  • лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
  • алдын ала төлем -  0 % бастап;
  • қамтамасыз ету – талап етілмейді;
  • шектеу  - 205 млн.-нан кем емес және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының 3 бірлігінен артық емес.  Бір лизинг алушыға қаржыландыру мүмкіндігі 2 жылда бір рет беріледі.

Еске сала кетсек, өтініштер компанияның Telegram-бот арқылы қабылданады,  https://t.me/kaz_agro_finance_bot  сілтемесі арқылы  қолжетімді.

Telegram-бот арқылы өтініш берілген күннен бастап,  5 жұмыс күні арасында клиент «ҚазАгроҚаржы» АҚ барлық қажетті құжаттарды өткізуі тиіс.

Жеңілдік бағдарламасы бойынша толық ақпарат www.kaf.kz сайтында немесе өзіңіз тұратын өңірдегі филиалға жүгінсеңіз болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру