(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылшаруашылық техникасын алдын ала төлемсіз алу лизингін іске қосады

«ҚазАгроҚаржы» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тобына кіреді) ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері үшін лизингтің жаңа бағдарламасын әзірледі. Қаржыландырудың жаңа шарттары ауыл шаруашылық техникасын, арнайы техникаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдауға қажетті көлік жабдықтарын алдын ала төлем жасамай сатып алу мүмкіндіктерін қарастырады.

«2023 жылы шаруа иелері үшін оңай жыл болған жоқ. Жайсыз ауа-райының салдарынан жиналған өнімдердің сапасы төмен болып, салдарынан тауар өткізу кезінде түскен табыста айтарлықтай аз болды. Көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілері қиын қаржылық жағдай тап болып, бірінші лизинг төлемдерін жасай алмай қалды. Осы жайттарды ескере отыра, біз жаңа бағдарламаны әзірледік. Бұл бағдарлама арқылы шаруа иелері ештеңеге алаңдамай өздеріне қажетті техникаларын ала алады», - деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқармасының Төрағасы Айдар Прашев.

Лиизиг шарттар:

  • алдын ала төлем - 0% бастап;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 22,75% (субсидияны есепке алғанда 6%);
  • лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  • қаржыландыру шегі – 370 млн.теңгеге дейін.

Бағдарлама аясында лизингке отандық және шет елдің техникалары беріледі.

Бағдарлама Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстандағы аграрлық сектордың әлеуетін нығайтып, өнім сапасының арттыруында барлық мәселенені шешуде шаруа иелері үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өзінің мәртебесін сенімді серіктес ретінде растайды.

Қаржыландырудың жаңа шарттары мен жаңа лизинг бағдарлама жөнінде толық ақпаратты алу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарынан жүгінуге болады.

Ақпарат: «ҚазАгроҚаржы» АҚ («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еншілес компания) – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ауылшаруашылық техникаларды алу үшін лизинг қызметін көрсететін қаржы институты.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру