(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

"ҚазАгроҚаржы" АҚ жеңілдетілген лизинг бағдарламаларын сәтті іске қосады: Ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін

Жетекші Лизнингтік компания "ҚазАгроҚаржы" АҚ Ауыл  шаруашылығын дамытуды қолдауға бағытталған жеңілдікті лизинг бағдарламаларының сәтті іске қосылғанын қуана хабарлайды. Бұл АӨК нығайту және Қазақстандағы фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау үшін маңызды қадам. 

Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламаларына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 26 маусымда басталды. Лизингтің жеңілдетілген бағдарламаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 46,6 млрд теңгені құрайды. Осы соманың 20 млрд теңгесі "Өз жемшөптері" бағдарламасы үшін, 15 млрд теңгесі "Қазақстанда  жасалған" бағдарламасы үшін, 10 млрд теңгесі "Жасыл өнім" бағдарламасы үшін және 1,6 млрд теңгесі  "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы үшін қарастырылған. Өтінімдерді қабылдау Компанияның Telegram -боты арқылы жүзеге асырылады, сілтеме бойынша қол жетімді: https://t.me/kaz_agro_finance_bot

Бірінші күні  "ҚазАгроҚаржы" АҚ Қазақстанның түрлі өңірлерінен ауыл шараушылығы тауарын өндірушілерден өтінімдердің айтарлықтай санын алды. Бұл өтінімдердің жалпы сомасы - 36,5 млрд теңгені құрайды. Бұл фермерлер қауымдастығының жоғары сұранысының көрсеткіші болып табылады және ауыл шаруашылығының жеңілдетілген лизинг бағдарламаларына айтарлықтай қажеттілігін растайды. 

"ҚазАгроҚаржы" АҚ командасы өтінім берген барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алғысын білдіреді және барлық мүдделі фермерлерді осы жеңілдікті лизинг бағдарламаларын пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырады. 

Жеңілдікті бағдарламалар туралы толық ақпарат алу үшін осы  www.kaf.kz сайтқа кіру керек немесе Сіздің аймағыңыздың филиалдарына хабарласуларыңызға болады.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру