(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

RAEX rating review рейтингтік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық есебіне жоғары баға берді

Жылдық есептердің 24-ші конкурсының қорытындысы бойынша RAEX рейтингтік агенттігі ҚазАгроҚаржының 2021 жылғы Жылдық есебін 4 жұлдызды рейтингтік класпен бағалады – жылдық есептің сапасы өте жоғары. Бұл өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның, ұжымның ынтымақты командасының табысты қызметі, көрсеткіштерінің өсуі мен жоспарларының іске асырылуының арқасында мүмкін болды.

Бағалау ТМД елдерінің ірі компаниялары арасында жүргізілді. RAEX «коммерциялық ұйымдардың жылдық есептері», «білім беру ұйымдарының жылдық есептері», «КЕҰ жылдық есептері», «қоғамдық ұйымдардың жылдық есептері» санаттары бойынша есептер рейтингтерін шығарды.

«Коммерциялық ұйымдардың жылдық есептері» санатында RAEX 80 ресейлік және қазақстандық компаниялардың жария қаржылық емес есептілігін қарады. Бағалау қорытындысы бойынша ҚазАгроҚаржы 35 орынға ие болды. ҚазАгроҚаржыдан басқа, конкурсқа Қазатомөнеркәсіп, ForteBank, KEGOC, ҚазМұнайГаз, Қазақстандық Коммуналдық жүйелер, Самұрық-Энерго сияқты қазақстандық компаниялардың жылдық есептері қатысты.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру