(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«Agritek Shymkent 2022» көрмесіне қатысушылар «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан кеңес ала алады

9 қарашада Шымкентте Оңтүстік Қазақстанда «Agritek Shymkent 2022» IX Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі басталды. Бірлескен бизнес-жобаларды талқылау үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы индустриясы саласында тәжірибе алмасу үшін түрлі елдердің мамандары жиналды. Көрме аясында үздік сарапшылармен мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Келушілер әлемдік өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының соңғы үлгілерін көре алады, сондай-ақ мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласындағы жаңалықтар туралы толығырақ біле алады.

Көрмеде «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндіктеріңіз болады. Біздің мамандар компанияның көрсететін қызметтері туралы айтып береді, қаржыландырудың қолайлы бағдарламасын таңдап алуға көмектеседі, соның арқасында фермер Қазақстандағы ең тиімді шарттар бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. «AgriTek Shymkent 2022» көрмесі Шымкент қаласының жаңа Әкімшілік іскерлік орталығында, «Көрме орталығы» мамандандырылған көрме орталығында, өтеді. Сіздерді Нұрсат ш/а, Н.Назарбаев даңғ., 12 мекен-жайында күтеміз.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниялары тобына енеді.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру