(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
ҚазАгроҚаржы егіс алқаптарын несиелендіру аясында 33,5 млрд теңгеге финлизинг шарттарын жасады

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді несиелеу аясында 33,5 млрд теңгеге қаржылық лизинг шартын жасады

«ҚазАгроҚаржы» компаниясы   ауылшаруашылық дақылдарын егуді несиелеу аясында биыл 33,5 млрд теңгеге қаржылық лизинг шартын жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы сомасы 95,6 млрд теңгеден астам өтінімді қабылдады. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін 2080 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жалпы сомасы 33,5 млрд теңгеге қаржылық лизинг шарттары жасалды», - деп хабарлады компаниядан.

Атап айтқанда, ҚАФ 1060 трактор, 220 тұқым сепкіш, 86 егіс кешені және 714 бірлік шағын техника сатып алуды қаржыландырды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 98,5 млрд теңгеге 5,9 мың бірлік техниканы қаржыландырды, бұл ретте негізгі техника түрлері бойынша 2018 жылмен салыстырғанда өсім сандық түрде 72%, ақшалай түрде 56% құрады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректерін талдау негізінде ҚАФ-қа лизингке берілген техниканың негізгі түрлерінің (комбайндар, тракторлар, тұқым себу жүйелері) үлесі сандық мәнде сатып алынған техниканың жалпы көлемінің 49%-ын (барлығы 12 мың бірлік) құрайды. 2019 жылы жабдық сатып алынды).

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру