(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
30,9 млрд. теңге қақ желісі бойынша Ақтөбе облысының АӨК-не инвестицияланды

Жаңалықтар

Ақтөбе облысының АӨК-не КАФ желісі бойынша 30,9 млрд. теңге қаржы инвестицияланған

2000 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы аймақтың АӨК дамытуға 30,9 млрд. теңге инвестициялады, жалпы сомасы 18,2 млрд. теңгеге 2470 астам бірлік техника мен жабдықты орналастырды. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалының директоры Айдар Прашев хабарлады.

«Біздің филиал а/ш техникасын орналастыру бойынша жоспарларын жыл сайын орындап отырады. Мысалға, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, жоспардың орындалу деңгейі 180,7% құрады, бұл ретте 1 млрд. теңгеден артық сомаға 104 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын және арнаулы техниканы орналастырдық. 2018 жылы екі еседен жоғары шамаға ұлғаюына қарамастан, жоспарды тағы да орындап шығуды жоспарлап отырмыз» - деді Айдар Прашев.

Ол өзінің сөзінде, өткен жылы Қоғам филиалы 55 шаруашылыққа қолдау жасады, оның ішінде 36 шаруашылық жыл сайын қолдау көрсетіліп отыратын филиалдың «тұрақты» клиенттері екенін атап өтті.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ тек облыстың ауыл шаруашылығы техникалары паркінің жаңартылуын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне де едәуір үлесін қосады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауының арқасында, Ақтөбе облысында толымды азық-түлік белдеуі құрылған. Екі тауарлы-сүт фермасы, шошқа фермасы, екі репродуктор, үш жылыжай, көкөніс қоймасы, сондай-ақ шұжық, нан-тоқаш өнімдерін, балмұздақ өндіретін бірқатар қайта өңдеу кәсіпорындары салынған» - деді филиал директоры.

Сөзінің соңында, Айдар Прашев қазіргі сәтте облыста көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатқанын, филиал 100 млн. теңге сомасына 24 бірлік а/ш техникасын орналастырып та қойғанын қосымша айтып өтті.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру