(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Бағалы қызметкер, Бақтжан Нагметов КАФ-да 12 жыл жұмыс істейді

Жаңалықтар

Бағалы қызметкер, Бақытжан Нағметов КАФта 12 жыл еңбек етеді

Бас инженер-механик Нағметов Бақытжан «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалында 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Өз ісінің тәжірибелі маманы, Бақытжан филиалдың инженерлік-техникалық сүйемелдеу жұмысын жүргізеді. Ол техниканы қабылдау, тиеу және түсіру жұмыстарына жауап береді, қажетті құжаттар пакетін рәсімдеумен және техниканы лизинг алушыларға табыстаумен айналысады. Бақытжан айтып кеткендей, жұмысында өзіне бәрінен де ұнайтыны – әртүрлі клиенттермен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметінде оларға қажетті техниканы іздестіруде кеңес беру.

 «Маған агроөнеркәсіптік техникалар әлеміндегі жаңалықтармен танысу, білім өрісін кеңейту ұнайды. Аграршылармен тікелей тілдесуден жақсы әсер аламын, олар маған сенім артады, сондықтан Қоғамның беделін жоғалтып алмау үшін, техниканың сапасын тексеріп алу мен үшін өте маңызды», - дейді Бақытжан Нағметов.

 Ұжым оған тек кәсіпқой да сауатты маман ретінде ғана емес, сондай-ақ қашанда болсын өзінің әріптестерімен бойындағы тәжірибесімен және білімімен бөлісуге әзір, парасатты, адал әрі қайырымды, сөйте тұрса да қарапайымдылығымен және сыпайылығымен ерекшеленетін әріптес және дос ретінде де мінездеме беріп, ол туралы шын көңілдерімен пікірлерін білдірді.

 «Бесаспап! Зердесі мен зейіні дамыған, конструктивті және логикалық ойлау қабілеті жоғары білікті инженер-механик. Айта кету керек, бұл қасиетке ешқандай жоғарғы оқу орнында үйретпейді, бұл кісі тек өзінің қажырлы еңбегінің және өздігінен жетілу қабілетінің арқасында ғана биіктерге жетті!» - деп мәлімдеді бас маман Динара Иманғалиева.

«Тынымдық деген түсіне де кірмейді». Бұл дәл сол туралы айтылған, Серіктес достарына дем беретін әрі олардың ұйытқысы болатын адам, оның «моторы» деп айтса да болады. Ол уақыттың не екенін білмейді, тәуліктеп тыным таппай шұғыл жобалармен айналысады. Көзінде от, ал жігерлігі теңіздей. «БІЗДІҢ ДЮРАСЕЛІМІЗ» Бақытжан аға» – дейді бас кредит әкімшісі Жангельдин Ерғали.

Бақытжан филиал басшылығының тарапынан да үлкен құрметке ие. Олардың айтуынша, еңбек етіп жүрген кезеңі ішінде өзіне жүктелген атқарымдар мен міндеттерді адал орындай отырып, Бақытжан өзін сауатты да еңбекқор қызметкер ретінде көрсете білді. Жұмысы барысында тәртіптік жазаға тартылған емес, алдына қойылған міндетті жауаптылықпен әрі адал ниетпен орындайды.

 «Мен үшін ол өз ісін білетін және міндеттерін адал орындайтын қымбат қызметкер. Оның жұмыс шебі үлкен де маңызды, мен оған бұл жұмысты толығымен сеніп тапсырмын», - деді филиал директоры Айдар Прашев.

 Нағметов Бақытжанды Компанияның бүкіл клиенттері біледі. Осы аймақтағы барлық лизингтік техникалар мен жабдықтар лизингке соның қолынан тыбыс етілген.

 «Оның адал еңбегі үшін алғыс айтқым келеді. Ол оны өте жақсы атқарады. Ерінбей еңбек ететін, баға жетпес әрі шебер қызметкер ретінде, осыншама кәсіпқойлығы үшін, оның алдында бас игім келеді. Механизмдер патшалығында оған бәрі бағынышты, оның басы мен қолы тамаша жұмыс істейді», - деп пікірмен бөлісті «Светлана» ШҚ басшысы Бошков Вячислав.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру