(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
"ҚазАгроҚаржы" Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жобаларына 12,6 млрд теңгеден астам инвестиция салды

Жаңалықтар

«ҚазАгроҚаржы» Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жобаларына 12,6 млрд теңгеден астам инвестиция салды.

Ерекше көңіл бөлініп, қолдауға ие болып отырған агроөнеркәсіп кешенін дамыту – еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Сенімді және тиімді даму үшін шаруаларға өнімділігі жоғары жаңа техника мен құрал-жабдықтар қажет, осыған орай ауыл шаруашылығы саласындағы ірі лизингтік компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ 20 жылдан астам уақыттан бері шаруаларға елеулі қолдау көрсетіп келеді.

«ҚазАгро» ҰБХ еншілес кәсіпорны «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола филиалының директоры Болат Сәбитовтың айтуынша, 2019 жылы компанияның облыстағы ауыл шаруашылығы жобаларына салған инвестициясы 12,6 миллиард теңгеден асты, соның арқасында 390-нан астам заманауи техника жеткізілген.

Биылғы жылы карантиндік және басқа да шектеулерге қарамастан облыс диқандары 2,4 миллиард теңгеге 92 техника сатып алып, егіс алқаптары мен фермаларда толық қуатында жұмыс істеп жатыр.

Сондай шаруа қожалықтарының бірі – Нұржан Нұрбол Сәрсентайұлы жетекшілік ететін Астрахан ауданындағы «Целина-Агро» ЖШС. Серіктестік егін шаруашылығымен отағасы Сәрсентай Жорғабаев «Целина» шаруа қожалығын құрған 2001 жылдан бері айналысады. Қазір егін егу мен орақ жұмыстарын тез әрі сапалы жүргізудің маңыздылығын түсінген ұлы Нұрбол барлық өндірістік, қаржылық мәселелерге жауапты.

«Биыл 7300 гектардан сәл астам жерге бидай егуді жоспарлап отырмыз.Біздің облыс үшін бұл дақылдың клейковина және басқа да сапалық көрсеткіштері жоғары», - дейді жас директор. – Биыл көктем ерте, бірақ жаңбыр жиі жауады, сондықтан қысқа мерзімде егін егу керек. Ол үшін сонау қыста «Мастер лизинг» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» компаниясымен бір «Кировец-730» тракторы мен «КамАЗ» көлігін алу үшін лизинг шартын жасадық. Жалпы, ҚАФ-пен көпжылдық ынтымақтастығымыздың арқасында біз алты «Вектор» комбайнын, екі «Кировец» және тұқым сепкіштер жиынтығын сатып алдық, ал күзде алдағы егіс маусымына кең егіс кешенін сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Шаруаларға несиелік жүктемені азайтуға, техника паркін жаңартуды ынталандыруға және жандандыруға бағытталған пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және инвестициялық субсидиялау бойынша мемлекеттік бағдарламалар үлкен көмек көрсетуде. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау пайыздық төлемдерді 10%-ға төмендетуге мүмкіндік береді және сіз тек жеті пайыз төлеуіңіз керек, ал инвестициялық субсидиялар сатып алынатын жабдық құнының 25% дейін жабады.


Компания жаңа қарыз алушыларды тартуға және клиенттік базаны кеңейтуге ерекше көңіл бөледі.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша 620-ға жуық шаруа қожалығымен ынтымақтасамыз, жыл сайын қаржыландыруға алғаш рет өтініш білдірген ауыл шаруашылығы субъектілерінің саны 30-40-ты құрайды», - деп жалғастырды Болат Сәбитов. – Кез келген шаруаның кепілі жақсы емес, бірақ біз ең аз аванспен және кепілсіз қаржыландырамыз. Соңғы жылдары біз инвестициялық субсидияларды пайдалана отырып, аванстық төлемді төлеуді үйреніп жатырмыз, бұл кезде клиент бізден мақұлдағаннан кейін «Көлдау» деректер базасына субсидия алуға өтінім беріп, содан кейін лизинг шарты жасалады.

Биылғы жылы алғаш рет «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы техника алуды ұйғарған «Ландыс» шаруа қожалығының кәсіпорнының басшысы Отто Ландис пен «Астра-2010» ЖШС директоры Сергей Шарға қаржыландырудың қолайлы жағдайлары мен қолдау шараларына риза.

«Біздің шаруа қожалығымыз шағын, Зеренді ауданында небәрі 700 гектар жер, барлық уақытта ескі, 10-15 жылдық техникамен жұмыс істедік», - дейді Отто Оттович. – Биыл «Партнер» егіс кешенімен жаңа «Axion» тракторын және «Вектор-410» комбайнын лизингке алдық. Егіс егу басталған бойда біз жаңа және заманауи техниканың артықшылығын – дәл реттеу, сенімді жұмыс істеу, жанармай үнемдеу, оператордың жайлылығын бірден сезіндік. Күзде бұл қажетті нәтиже беріп, жаңа комбайн егінді тез әрі ысырапсыз жинауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Биыл Ақмола облысында көктемгі егіс көлемі 4,9 миллион гектарды құрайды, оның 4,4 миллион гектарын дәнді дақылдар алып, егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде – 20-25 жұмыс күнінде аяқтау жоспарлануда. . «ҚазАгроҚаржы» АҚ осы қарбалас кезеңде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егіс науқанын ойдағыдай өткізіп, жоғары өнім алу үшін жан-жақты қолдау көрсетуде.

https://www.nur.kz/1858010-kazagrofinans-investirovala-v-selhozproekty-bolee-126-mlrd-tenge.html

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру