(тек қалалық нөмірлерден)
Өтінімнің мәртебесін тексеру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған  акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2020 жылғы 06 мамыр

Жалғыз акционер қабылдаған дауыс беру/ шешімдер қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жарғысының 16-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарушы директоры Джуанышбаева Айгуль Кенесбековна сайлансын.

Джуанышбаева Айгуль Кенесбековнаның «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттік ету мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап, жалпы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жалғыз акционерінің – «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 7 маусымдағы № 32 шешімімен белгіленген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін саналсын.

2. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарушы директоры Дарибаев Мурат Аманкельдиевич сайлансын.

Дарибаев Мурат Аманкельдиевичтың «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттік ету мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің – «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 41 шешімімен белгіленген жалпы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін саналсын.

3. «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроҚаржы» АҚ және, сәйкесінше,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАУШЫЛАР – 3 дауыс (Қарашөкеев Е.Ш., Джувашев А.Б., Тасжүреков Е.К.)

ҚАРСЫЛАР – ЖОҚ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) - жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім бір ауыздан қабылданды.

Артқа

Жедел желі

Қоңырауға тапсырыс беру