Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}
Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін мәселелер тізбесі бойынша Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

Корпоративтік оқиғалар

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

Шешім қабылдаған акционерлік қоғамы органының атауы:  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі

Акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысы өткен күн: 2019 жылғы 8 мамырдан

Акционерлерінің (қатысушылардың) жалпы жиналысының өткізу орны: отырыс "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы орналасқан жерде өткізілді - Астана қ., Бигелдинов даңғ. 12.

Акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы

Акционерлік қоғам акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабы 5-тармағына, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Жарғысының 139-тармағы 7) тармақшасына және «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Жарғысының 16-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Басқарма ШЕШТІ:

1. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайлансын:

1) Жумашов Данияр Бимуратович - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Стратегия жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі – «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің өкілі;

2) Оразбаев Руслан Сагадатович – тәуелсіз директор;

2. Жумашов Данияр Бимуратовичтың және Оразбаев Руслан Сагадатовичтың «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттік ету мерзімі осы шешім қабылданған күннен бастап, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімімен – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 41 шешімімен белгіленген, жалпы, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі өткенге дейін саналсын.

3. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының осы шешімі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша дауыс беру қорытындысы:

ҚОЛДАҒАНДАР – 6 дауыс (Карашукеев Е.Ш., Дарибаев М.А., Джувашев А.Б., Жумашов Д.М., Карнакова Н.Ш., Тасжуреков Е.К.)

Қарсы дауыс бергендер – жоқ.

ҚАЛЫС ҚАЛҒАНДАР – (ерекше пікір) – жоқ.

Дауыс беру нәтижесі: шешім 6 (алты) дауыспен қабылданды.

Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: Жоқ

Артқа

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру