Алиш Марс Каралтаевич
«ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
1984 жылы 14 тамызда туған
Азаматтығы – Қазақстан Республикасы
Акцияларды иеленуі – иеленбейді
Қазіргі уақытта қоса атқаратын жұмысы және басқа ұйымдардың Директорлар кеңесіндегі мүшелігі - Жоқ
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі - Жоқ
Білімі:
Жоғары.
2005 ж., Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті, «Бухгалтер-экономист»,
2016 ж., Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, «Іскерлік әкімшілік шебері».
Жұмыс тәжірибесі:
Еңбек жолын 2001 жылы қаржы саласында бастаған. Әр жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ жетекші менеджері, бөлім бастығы, «АТФ Банк» АҚ шағын және орта бизнес жөніндегі директордың орынбасары, «Астана Бэст Консалтинг Груп» ЖШС жобалар жетекшісі, «Казкоммерцбанк» АҚ шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі директордың орынбасары, «Каспий» ӘКК» ҰК АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында 2021 жылдың ақпанынан бастап Кредиттік-лизингтік жобалар департаменті бөлімінің бастығы, маусымынан бастап – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры болып жұмыс жасады.
Атқаратын функциялары:
«ҚазАгроҚаржы» АҚ проблемалық жобаларымен жұмыс және жобаларды әкімшілендіру мәселелері бойынша Қоғамның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.