Өтінімнің мәртебесін тексеру
Қосымша ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
«ҚазАгроҚаржы» АҚ корпоративтік сайтына қош келдіңіздер!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 20 жылдан астам уақыт бойы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мақсатында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу бойынша лизингтік қызмет көрсетіп келеді.
Қоғам ұлттық экономиканың маңызды бөлігі болғандықтан, Қоғамға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы кез келген көріністе сыбайлас жемқорлыққа абсолют төзбеушілік саясатын қабылдады. Осы саладағы көшбасшылық шеңберінде Қоғамның филиалдық жүйесенде барлық жұмыскерлері арасында құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алуға бағытталған құралдар жасайды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кодексі мен саясаты бекітілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылды, сыбайлас жемқорлық фактілері және басқа да бұзушылықтар туралы кез келген ақпаратты жасырын хабарлауға мүмкіндік беретін Жедел желі жұмыс істейді.
Қоғамның имиджі әрбір жұмыскеріне байланысты. Қоғамның міндеті – этиканың жоғары стандарттарын көрсету және контрагенттермен, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзара қарым-қатынаста сыбайлас жемқорлықтан бас тарту.
Қоғам өзінің бүкіл қызметі бойы заңдылықтың, ашықтық пен шынайылықтың негізін қалаушы қағидаттарды ұстанып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты Қоғам қызметінде барынша жариялылықты қамтамасыз ету, мүдделі тұлғаларға қарсы құқыққа қайшы келетін әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу болып табылады.
Қоғам барлық мүдделі тұлғалардың құқықтарын мойындайды және құрметтейді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Кредиттік-лизингтік қызмет департаменті
мен Астана қаласы бойынша филиалы қызметінің
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелері бойынша
анықтама
««ҚазАгроҚаржы» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 13.10.2025 жылғы №171 бұйрыққа сәйкес, келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
1) талдау объектісінің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында Кредиттік-лизингтік қызмет департаментінде және Астана қаласы бойынша филиалда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
СЖТІТ нәтижелері «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығымен қаралды және анықталған кемшіліктер Түзету іс-қимылдары жоспарында көрсетілетін болады.
Кеңес ал!