Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Call-центр:
(қалалық және ұялы) - 24/7
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» АҚ тұрақсыздық айыбы есептен шығарылатын қарыз сомасын жария етті

Ағымдағы жылы көктемгі су тасқыны көптеген ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын халықты тығырыққа тіреді. Жергілікті атқарушы органдары ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккендердің нақты санын анықтау мақсатында арнайы тізімді де даярлады. Көптеген агроөнеркәсіп субъектілері өз ісін жүйелі түрде іске асыруға және  керек-жарақтарына қол жеткізу мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүгініп, несие мен техникаларды лизингке алып жатады.

«Алған заттың қайтарымы бар» дегендей «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на қарыз алушылардың 145 тұтынушысы ЖАО құрған тізімдер қатарында екендігі анықталды. Аталмыш ақпаратты 2024 жылдың 1 мамырын қоса алғанда мәліметке шолу жасаған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынды. Бүгінде «ҚазАгроҚаржы»-на тұрақсыздық айыбы есептен шығарылатын қарыз сомасы 218 млн теңгені құрап отыр.

 Қоғамның баспасөз қызметі келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Ақтөбе облысынан жалпы сомасы 85,9 млн теңгені құрайтын 24 өтініш,  Қостанай облысында жалпы сомасы 50,5 млн теңгеге 13 өтініш, Батыс Қазақстан облысы бойынша  жалпы сомасы 37,2 млн теңгеге 6 өтініш және Солтүстік Қазақстан облысынан жалпы сомасы 44,4 млн теңгеге 1 өтініш түскендігін анықтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерге тұрақсыздық айыбын есептемей төлемді кейінгі қалдыру мүмкіндігін ұсынатындығын хабарлаған болатын.

Артқа
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру