«ҚазАгроҚаржы» АҚ жылжымалы мүлікті сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды
Сауда-саттыққа шығарылатын мүлік:
Chevrolet Epica маркасының автомобилі, 2010 жылы шыққан, түсі - қара металл
Сауда-саттықты өткізу әдісі: ағылшын әдісі бойынша аукцион (бағасын көтеру шарттарында).
Бастапқы бағасы: – 2 626 541(екі миллион алты жүз жиырма алты мың бес жүз қырық бір) теңге;
Бағаны көтеру қадамы – бастапқы құнынан 5 (бес) %;
Кепілді жарнасы: - бастапқы құнынан 5 (бес) %, аукцион өткізілетін күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша есепке алынады.
Сенімгер тұлға – Айнабеков Тулеген Ток-Кожаевич.
Сауда-саттық өтетін күн және уақыт: 2020 жылғы 24 қараша, сағат 11:00.
Сауда-саттық өтетін жер: Қазақстан Республикасы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы, Қостанай қ., Аль-Фараби даңғылы, 65. Тел. 8 (7142) 999-773
Басқа шарттар: Өтінімдер осы ақпараттық хабар жарияланған күннен қабылдана бастайды және аукцион өтетін күннен бір күн бұрын тоқтатылады. Сауда-саттыққа белгіленген мерзімде кепілді жарнаны төлеп, сауда-саттыққа қатысуға өтінімді толтырған қатысушы жіберіледі.
Сатып алу бағасын төлеу тәртібі және мерзімі: жеңімпаз мүлікті сатып алу үшін, мүлікті сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша аудару жолымен сатып алу бағасын төлейді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері: БСН 991240000043, Кбе 15, ЖСК KZ796017111000000212 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX.