Мұрағат
Тапсырыс беруші: «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы («ҚазАгроҚаржы» АҚ), Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй,
кқ-4.
Сатып алу ұйымдастырушысы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Материалдық қамтамасыз ету бөлімі, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, 105 каб., тел. 8-7172-59-28-78, ішкі 1653.
Жүзеге асырылатын тауарды сатып алу атауы: баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен «Интернетте сайттарды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер».
Көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы, ерекше шарттары, қызмет көрсетілетін мерзім хабарландырудың қосымшасында көрсетілген (№1, №2, №3).
Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынымдарын тапсыра бастайтын және тапсырып болатын мерзімдері: әлеуетті жеткізушілердің конвертке салынған баға ұсынымдары: Қазақстан Республикасы, Астана қ., 010000, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, 201 каб. (кеңсе) мекенжайына, 2018 жылғы 11 мамыр 17 мамырге дейін (қоса алғанда) сағат 09.00 мин. бастап сағат 13.00 мин. дейін және сағат 14.30 мин. бастап сағат 18.00 мин. дейін тапсырылады.
Баға өтінімі салынған конверт «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлеріне 201 кабинетке (кеңсе) табыстау кезінде, сатып алуға қатысуға арналған өтінім салынған конверт ретінде оны сәйкестендіру үшін, жеткізу (пошталық, курьерлік) қызметінің қаптамасынан босатылуға тиісті.
Қызмет көрсетілетін жер: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4.
Қызмет көрсетілетін мерзім: Шартқа қол қойылған сәттен бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Төлемақы төлеу шарттары мен мерзімі: ай сайын, Қызмет көрсету фактісі бойынша және Шарттың 1 Қосымшасына сәйкес Тараптар Көрсетілген қызмет актісіне қолдарын қойған күннен және Жеткізуші шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде төленеді.
Баға ұсынымын дайындауға қойылатын талаптар:
Әрбір әлеуетті жеткізуші бағасы көбею жағына қарай өзгертуге жатпайтын бағамен, төмендегідей мәліметтерді қамтитын бір ғана баға ұсынымын тапсырады:
1) атауы, заңды және нақты мекенжайы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) (заңды тұлға үшін), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжаттың атауы мен жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, тұратын жері, жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН) (жеке тұлға үшін), әлеуетті жеткізушінің банк деректемелері, телефоны, e-mail;
2) жеткізілетін тауардың атауы, сипаттамасы мен көлемі;
3) тауар жеткізілетін жер және мерзім;
4) ұсынылған шарт жобасына және оған қоса тіркелген қосымшаларға сәйкес шарт жасасуға келісім;
5) көрсетілетін ілеспе қызметтердің құнын бірге қосқанда, таңдалып алынған әрбір лот бойынша, тауардың түпкілікті бағасын құрайтын барлық нақты шығындар қамтылған әлеуетті жеткізушімен ұсынылған тауардың бір бірлігінің бағасы мен жалпы сомасы.
Сонымен бірге:
1. Заңды тұлғаның баға ұсынымына келесі құжаттар қоса тіркелуге тиісті:
1) жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе электрондық құжаттан басып шығарылған нұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
3) қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (болса) немесе әлеуетті жеткізушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтынын көрсету;
4) әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын қызметті көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың (патент, лицензия және т.б) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) СТ-KZ сертификатының көшірмесі (егер бар болса);
6) Әлеуетті жеткізушіге қойылатын ерекше талаптар №2 Қосымшада көрсетілген.
2. Жеке тұлғаның баға ұсынымында келесі құжаттар қамтылуға тиісті:
1) жеке куәлігінің (төлқұжатының) көшірмесі;
2) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу туралы құжаттың көшірмесі немесе электрондық құжаттан басып шығарылған нұсқасы;
3) қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) немесе әлеуетті жеткізушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтынын көрсету;
4) әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын қызметті көрсетуге құқығын растайтын құжаттардың (патент, лицензия және т.б) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) СТ-KZ сертификатының көшірмесі (егер бар болса);
6) ) Әлеуетті жеткізушіге қойылатын ерекше талаптар №2 Қосымшада көрсетілген.
Баға ұсынымын әлеуетті жеткізуші конвертке салып жапсырады және осы хабарламада көрсетілген кезеңде Сатып алу ұйымдастырушысына табыстайды.
Әлеуетті жеткізуші баға ұсынымын беттік жағында төмендегідей мәліметтер көрсетілуге тиісті конвертке салып жапсырады:
1) әлеуетті жеткізушінің атауы мен пошталық мекен-жайы, БСН/ЖСН, телефон нөмірі, e-mail;
2) Сатып алу ұйымдастырушысының атауы мен пошталық мекен-жайы: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Әкімшілік департаменті Материалдық қамтамасыз ету бөлімі, Астана қ., 010000, Алматы ауданы, Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, 201 каб.;
3) сонымен қатар келесідей мазмұндағы мәтін: «Баға ұсынымдарын сұрату тәсілімен «Интернетте сайттарды өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер» сатып алуға қатысуға арналған баға ұсынымы».
Соңғы ұсынылу мерзімі аяқталғаннан кейін тапсырылған конверттер кері қайтарылады және тіркеуге жатпайды.
Ұйымдастырушы баға ұсынымы салынған конверт ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін жеткізу қызметінің қаптамасында ұсынылған конверттер үшін жауап бермейді.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізуші келесі біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиісті:
1) құқыққа қабілеттілігі болуға (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық іс-әрекет қабілеттілігі болуға (жеке тұлғалар үшін);
2) төлем төлеуге қабілетті болуға;
3) банкроттық немесе тарату шараларын қолдануға жатпауға;
4) сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындауға жеткілікті материалдық, қаржы және еңбек ресурстары болуға;
5) Тапсырыс беруші мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қалыптастырған Сенімді емес жеткізушілердің тізбесінде есепте тұрмауға;
6) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырған Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде есепте тұрмауға.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынымын ұсынуы әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған біліктілік талаптарына сәйкес келуінің дәлелі болып табылады.
Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынымын ұсынуы оның осы хабарландыруда көзделген шарттарды сақтай отырып, қызмет көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады.
| Атауы | Мөлшері | Пішім | Сілтеме |
|---|---|---|---|
| Договор сопровод сайта май | 35.87Кб | docx | Скачать |
| _приложение № 2 сопровод сайта май | 79Кб | doc | Скачать |
| _приложение № 1 сопровод сайта май | 42Кб | doc | Скачать |
Кеңес ал!