Мұрағат

Microsoft SQL Server Enterprise лицензиясын сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманың мазмұны жөнінде түсініктеме

Сатып алу ұйымдастырушысы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Материалдық қамтамасыз ету бөлімі келесіні хабарлайды: 2016 жылғы 21 шілдедегі № 70 Бұйрықпен бекітілген Microsoft SQL Server Enterprise лицензиясын сатып алу жөніндегі Тендерлік құжаттаманың 5 қосымшасына және 7 қосымшасына өзгертулер енгізілді. 
Тендерлік құжаттаманың 4 бөлімінің 7 тармағына сәйкес, Тендерлік құжаттамаға енгізілген өзгертулер және (немесе) толықтырулар міндетті күшке ие. Бұл ретте тендерге қатысуға өтінім тапсырылатын соңғы мерзім, әлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тапсыратын өтінімдерінде бұл өзгертулерді ескеруі үшін, 3 (үш) жұмыс күнінен кем емес мерзімге ұзартылады.
Өзгертулер www.kaf.kz веб-сайтында Тендерлік құжаттамаға берілген Түсінік бөлімінде орналастырылған.
Тендерлік өтінімдер келесі мекен-жайға ұсынылады (жолданады): Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 51 үй, кқ-4, каб.201 (кеңсе). Өтінімдерді соңғы тапсыру мерзімі: 2016 жылғы 12 тамызда сағат 10:00 дейін. Өтінімдер салынған конверттер 2016 жылғы 12 тамызда сағат 11:00 Астана қаласында, Кенесары көш., 51 үй, кқ-4, 1 қабатта ашылатын болады. Қосымша ақпарат 8-7172-59-28-78 (ішкі: 4501) тел. бойынша.


Артқа
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру