«Үздіктердің үздігі»: кәсіби мерекеге орай біздің қызметкерлер марапаттарға ие болды

Осы аптада Қазақстан өңірлерінде Ауыл шаруашылығы қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері саланың дамуына қосқан үлестері үшін жоғары марапаттарға ие болды.

Ақмола облысында филиал директоры Мұрат Бектұров өңір әкімі қолынан марапат алды.

Алматыда филиал директоры Ермек Әбжаловтың еңбегі еленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Павлодар облысында кредит маманы Қуат Қожақов, кредит әкімшісі Зәмзәгүл Ақшанова, тәуекел-менеджер Елена Литвиненко облыс әкімінің «Алғыс хаттарын» алды.

Қостанай облысында филиал директоры Әлібек Қарайдаров «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісін алып марапат биігінен көрінді, сондай-ақ филиал қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болды.

Қарағанды облысында кредит маманы Решетняк Ксенияға облыс әкімінің «Алғыс хаты» табыс етілсе, Жетісу облысында кредит мамандары Салтанат Бибулатова мен Назико Сәлменбаева әкімнің «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Ал Абай облысында филиал директоры Ренат Беков өңір әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, Абай облысы бойынша филиалдың бірқатар қызметкерлері де алғыс хаттар алды.

Біз командамызды мақтан тұтамыз және әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз. Өңір деңгейінде танылу - бұл еліміздегі фермерлерге өз жоспарларын жүзеге асырып, қожалықтарын дамытуға көмектесіп жатқан қызметкерлердің кәсіпқойлығының, жауапкершілігінің және күнделікті қызметінің жоғары бағалануы.

Әріптестерімізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Тізімге оралу
chat-bgov

Кеңес ал!

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру