«Қазір алып, кейін төлеңіз»: фермерлерге жеңілдетілген бағдарлама бойынша төлем 1 сәуірге дейін қалдырылды
«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды жалғастырады, фермерлердің отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын 5% мөлшерлемемен сатып алуға ағымдағы жылдың соңына дейін мүмкіндіктері бар.
Тек 2024 жылғы 2-31 желтоқсан аралығында шарт жасасқан кезде клиент бірінші лизингтік төлемді лизинг нысанасын алған соң, 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жүзеге асыра алады.
Оған қоса, 5%-бен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасына қатысатын жеткізушілерден техника сатып алуға лимит жоқ екенін хабарлаймыз. Бағдарлама ауыл шаруашылығы техникасының кең ауқымын қамтиды – тракторлар, сепкіштер, комбайндар және басқа да агротехниканы сатып алуға болатын жеткізушілер:
- «Қостанай трактор зауыты» ЖШС
- «Қазақ Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС
- «KAZ KIOTI» ЖШС
- "СЕМАЗ" ЖШС
- "СТ ЭСЭМБЛИ" ЖШС
- "АГРОМАШХОЛДИНГ KZ» АҚ
- «МТЗ-ҚАЗАҚСТАН машина жасау зауыты» ЖШС
- «KAZROST ENGINEERING Ltd" ЖК
- және де басқа компаниялар
Естеріңізге саламыз, «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша қаржыландыру шарттары: мөлшерлемесі жылдық 5%, мерзімі – 7 жылдан аспайды, қамтамасыз етуді қажет етпейді.
Өтінім беру @KazAgroFinance.bot» (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) телеграм боты арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты www.kaf.kz «ҚазАгроҚаржы» АҚ ресми сайтында, сондай-ақ Қазақстанның әрбір өңіріндегі компания филиалдарынан біле аласыздар.
Артқа