Call-центр:
(қалалық нөмірлерден)
Call-центр:
(ұялы нөмірлерден)
Жеке кіру

Өтінімнің мәртебесін тексеру

*{{message}}

Өтінім:
{{name}}
Мәртебесі:
{{status}}
Мәртебесі бойынша кезектегі нөмірі:
{{number}}

«ҚазАгроҚаржы» KazAgro-KazFarm-2024 көрмесіне қатысты

Астанада KazAgro-Kazfarm-2024 халықаралық аграрлық көрмесі басталды. Іс-шарада 20 елден 250 компания өкілдері жиналды.

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ KazAgro-KazFarm-2024 көрмесіне қатысты. Іс-шара агроөнеркәсіптік сектордың жетістіктерімен таныстыру, жаңа технологияларды талқылау мен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болды.

Көрмеге әртүрлі ұйымдардың өкілдері, фермерлер, ауыл шаруашылық мамандары мен кәсіпкерлер қатысып, іскерлік қарым-қатынас пен байланыс орнату үшін бірегей жайлы орта мен мүмкіндік туғызды.

Көрмеге қатысушылар «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша ауыл шаруашылық техникасын сатып алу жөніндегі жеңілдікті лизингтік бағдарламаларға қатысу мәселелеріне қызығушылық танытты.

23 қазаннан бастап «ҚазАгроҚаржы»-да 5%-бен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталатынын атап өткіміз келеді, бұл бағдарламаны іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді.

Көрмеге қатысу үшін Қазақстанға Венесуэла елшісі Росальба Антико келді. Ол «ҚазАгроҚаржы» АҚ стендінде болды.

«Бізде басқа климат, ауыл шаруашылығы біздің өңірде басқаша дамиды. Ауа-райы үнемі ыстық болып тұрады, жауын-шашын аз. Біз ресейлік, белоруссиялық агрокәсіпорындардың қызметімен таныспыз, енді Қазақстанның агроөнеркәсібі қалай жұмыс істейтінін танып-білу біз үшін қызық», - деді ол өз сөзінде.

Жалпы алғанда, қазақстандық аграрлық секторға халықаралық қызығушылықтың айтарлықтай өскенін байқаймыз, бұл ауыл шаруашылығының дамып жатқанын, халықаралық байланыстардың нығайғанын көрсетеді. 

Артқа

Call-центр

Қоңырауға тапсырыс беру