Шаруаларға жеңілдетілген бағдарлама бойынша техника сатып алуға қосымша 20 млрд бөлінді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға қосымша 20 млрд теңге бөлінуі шеңберінде 5%-бен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау қайта басталғанын жариялайды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Құжаттар қабылдауды 2024 жылғы 23 қазанда, сағат 10.00-де бастау жоспарланған.
«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы ауыл шаруашылық техникасы паркін жаңарту мен жаңғырту үшін фермерлер мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолжетімді қаржы құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаға қатысушылар келесі шарттарды пайдалана алады:
Мөлшерлеме: жылдық 5%
Мерзімі: 7 жылдан аспайды
Бірінші лизингтік төлем: 10%-тен кем емес, лизинг нысанасын алғаннан кейін төлеу мүмкіндігімен, мерзімі 2024 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей.
Еске саламыз, 5%-бен «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы 2024 жылдың маусым айында басталған болатын. Ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін мемлекет 100 млрд теңге бөлген.
Өтінімдер қабылдау үшін «@KazAgroFinance.bot» (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) ҚазАгроҚаржы Telegram bot-ында электронды кезек қалыптасады.
Клиент Telegram bot-та өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс. Филиалдардың байланыс телефондары www.kaf.kz компания сайтында көрсетілген.
Артқа