«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Өз жем- шөбіміз» бағдарламасы шеңберінде аванссыз жемшөп дайындау техникасын сатып алуға мүмкіндік береді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Өз жем- шөбіміз» бағдарламасы шеңберінде аграршыларды қолдау мақсатында 2024 жылдың 1 наурызына дейін авансты төлеу бойынша кейінге қалдыра отырып, жем өндіру үшін а/ш техникасын лизингке алуға мүмкіндік береді.
«Өз жем- шөбіміз» бағдарламасының шарттарын еске саламыз:
- лизинг нысанасы жемшөп дайындау техникасы және суарудың жылжымалы жүйелері болып табылады
- сыйақы мөлшерлемесі- жылдық 6% ;
- аванс-15% - дан (Сіз бүгін техниканы ала аласыз, авансты 2024 жылдың 1 наурызына дейін төлей аласыз);
- лизинг мерзімі 10 жылға дейін,
- қамтамасыз ету - талап етілмейді.
- бір лизинг алушыға лимит -лизинг заттарының 3 бірлігінен аспайды.
«Өз жем- шөбіміз» бағдарламасы туралы толық ақпарат алу және кеңес алу үшін ҚазАгроҚаржы өңірлік филиалдарына хабарласуға болады.
Артқа